«TOURISMKAZ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ
Жуық арада отандық туризмді дамытуға жаңа қарқын беретін «TourismKaz» мобильді қосымшасы іске қосылмақ. Бастама авторлары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Ғылым қоры» АҚ-ы. Ел туризмін дамыту мақсатында жасақталып жатқан қосымша қазіргі таңда жетілдірілуде. Мобильді қосымша құрастырушылары жаңа жоба туристер үшін таптырмас құрал болып табылады,- дейді. Туристердің елде болу жайлылығын қамтамасыз ету және ақпараттық қолжетімділікті арттыру аясында қосымшада QR мен 3D функциялары енгізілмек. Отандық туризмнің әлеуетін арттырып, еліміздің ең көрікті жерлерін жаңаша көрсетуді мақсат еткен топ құрамы Шымкент қаласындағы “VISIT SHYMKENT “ туристік-ақпараттық орталығының жұмысымен танысып, қос тарап меморандумға қол қойды.
"Біздің Шымқалаға келуіміздің бірнеше себебі бар. Біріншіден Шымкент республикадағы маңызы бар үшінші қала. Ал “VISIT SHYMKENT “ орталығы бұл шаһардағы туристерге ақпарат және бағыт беретін бірден бір орталық.Сондықтан аталмыш орталықпен республикада алғаш болып меморандумға отыруға бел будық. Себебі бұл жердің мамандары қаланың ішікі өмірін, әрбір нысан, нүктесін бес саусағындай біледі десек артық айтқандығымыз емес",- дейді қор өкілдері.
Авторлардың айтуынша аталмыш қосымшаны іске асыру үшін алдағы уақытта Шымкенттен өзге қалалармен де келісімдер орнатылмақ.