«Mega Smart» жиһаздары Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталады

Screenshot_5.jpg

"Mega Smart" - Шымкенттегі "Тассай" индустриалдық аймағында орналасқан жиһаз жасайтын зауыт. Мұнда ас үйге, кіре беріс пен жатын бөлмеге арналған сапалы жиһаздардың барлық түрі бар. Жиһаз зауытндағы қондырғылардың барлығы Еуропалық дені Италяндық. Әр детальды сапалы әрі дөп кеседі. Бұл туралы қала әкімдігің "Шымкентте жасалған" жобасының аясында баяндалды.  

- Станоктың аты «Morbidelli СX 100» италиялық. Өте жақсы станок. Станок теседі, біз тексереміз. Ешқандай қателігі жоқ. Ұзындығын өзі өлшейді. Бір деталь қате болса оны қайтадан лақтырып жібереді, - дейді оператор Фамиль Фанеров.

Тапсырыс беруші жеке тұлға әуелі менеджерлерге өзінің талап-тілегін, ұсынысын айтады. Оның барлығы арнайы техникалық бағдарламаға жазылып, сызылады. Сосын қондырғылар қағаздағы үлгіден айна қатесіз түзетіп кеседі.

Техникалық бөлім басшысы Руслан Құрмахановтың айтуынша, зауыт сапаға жұмыс жасайды.

- Біз бірінші сапасына жұмыс жасаймыз. Біз ол жерде бірінші тапсырыс берушінің қажеттіліктерін анықтаймыз. Не керек? Қандай материалдан керек? Қанша көлемде керек екенін. Сондықтан, мемлекеттік болғандықтан үлкен обьемда, тез өндіргісі келеді. Себебі, жиһаз соңғы сәтте қарастырылады. Содан кейін біз өзімізге қоймаға үш вагонға дейін өнім ұстаймыз, - дейді ол. 

Mega Smart бұл жиһаз әлемінде брендке айналған компания. Оның өнімдері Қазақстан аумағында ғана емес Өзбекстан, Қырғызстан сияқты алыс жақын шетелдерге де экспортталады.