Күніне 500-ден аса киім формасы тігіледі
"Bellasco" - мектеп оқушыларының киім формасын тігетін Қазақстандық бренд. Қазіргі уақытта тұтас Республика бойынша кеңінен танымал, әрі сұранысқа ие және сәнді киім үлгісі шымкенттік фабрикада шығарылады. Бұл туралы қала әкімдігінің "Шымкентте жасалған" жобасы аясында хабарланды.
- “Гаухар” тігін фабрикасы 1995 жылдан бері жалпы жеңіл өнеркәсіп саласында әртүрлі өнімдерді өндіру бойынша жұмыс жасап келе жатыр. Бұның ішінде біздер көбіне 2011 жылдан бастап Bellasco деген брендпен мектеп формасын тігіп жатырмыз, - дейді «Гаухар» ЖШС директорының орынбасары Құралай Гилажова.
Мұнда 100-ден аса тігінші жұмыс істейді. Басым бөлігінің тәжірибесі мол. Жоғары санаттағы мамандар. Фабрикада күніне 500-ден аса киім формасы тігіледі.
Тігін цехының жетекшісі Баян Қалдыбайқызының айтуынша, матаның сапасы өте жоғары. Бүкіл сападан тексеріліп өтеді. Тігілген форма 2 тексеруден өтеді. Сапасы жақсы.
Мұндағы мектеп формасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай жасалады. Ата-аналар мен оқушылардың өздері киімді жоғары бағалап, сапасына дән риза. Оған Bellasco бренді сенімге жеткен талай конкурстар мен марапаттар дәлел.
"Bellasco" брендімен жасалатын мектеп формалары Қазақстанның барлық аймақтарында бар. Арнайы дүкендерде және тапсырыспен сатылады. Бағасы қолжетімді және сапасы жоғары.