«Жұлдызды 30 күн» аясында ашық есік күні өтті

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтуде. Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан журналистермен өткен баспасөз мәслихатында хабарлаған болатын. 

Осы орайда бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті.  Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, мерекеге сай безендендірулер жүргізілді. Іс – шараға арнайы зиялы қауым өкілдері Б. Тіленшина, С.Олжабай, А.Бейбітбек, А.Мұратәлиева қатысып, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті.Сондай-ақ «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі,Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары және «Алтын дән» балабақша бүлдіршіндері кешті жандандырып, Тәуелсіздікке жыр-шашуларын тарту етті.

Кеш тізгінін ұстаған кітапханашы Қ.Елекееваның жан тебірентерлік әндері, қос бүлдіршін Ермаханбет Нұрайлым мен Інжудің, «Алтын ғасыр» дуэті,М.Жаңбыровтың саксафондағы әуендері кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кешті қорытындылаған кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенді ұстаздар мен  оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.