«Шымкент ӘКК» АҚ Атырау, Ақтаудан инвесторлар тартуда
Бүгінде күннен-күнге дамып келе жатқан Шымкент қаласына республиканың түкпір-түкпірінен инвестиция салушы компаниялар саны артуда. Инвестицияны өзге өңірледіглер көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына салушы еді, енді бұл қатарға Шымкент қаласы да қосылды. Бұл қаланың болашақ әлеуеті зор екендігін білдіреді. Әрине қалаға инвестиция өздігінен келмейді. Инвестор тартуда қаладағы түрлік мекемелер барынша жұмыс істейді. Соның бірі - «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы. Аталған корпорацияның басышсы Бауыржан Канкин инвестция тартуда барлық әдіске бару керектігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.
- Бүгінде Шымкентке инвестиция салушылар қатары артып келеді. Әсіресе Ақтау, Атыраудан салушылар көп. Біз оларға өз ұсыныстарымызды жазып жібердік. Олар біздің ұсынысымызға жауап берік, бізбен келіссөз жүргізді. Біз оларға қаладан арнайы жер учаскелерін беретінімізді айттық. Бұл ұсыныс оларға ұнады. Себебі оларға өз өңірлері жер бермейді. Бұл - нонсенс. Олар осындай немқұрайлығының салдарынан инвестордан айрылып отыр. Біз мұндай қателікке жол бермеуіміз керек. Қала қазынасына түсетін әрбір тиын - өте маңызды. Әсіресе инвестор салатын қаржы, - деді Бауыржан Канкин.
Еске сала кетейік, бүгінде Шымкентте ескі қалашық маңында Атыраулық "SDN constuction" компаниясы тұрғын-үй кешенін салып жатыр. Алдағы уақытта ескі қалашық маңы толықтай реконструкцияланады.