KazTexIndustry айына 150 мың дана медициналық киім шығарады

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласындағы KazTexIndustry серіктестігі кез келген киім түрі және арнайы киім формаларын тігетін фабрика. Мұнда әуелде перзентханадағы нәрестелерге арналған киім кешектер шығарған. Қазір пандемияға байланысты медициналық киімдер де дайындалып жатыр. Қазіргі таңда медициналық тауарларға басымдық берілгендіктен балаларға арналған киімдердің айына тек 2 мың данасы шығып жатыр. Болашақта мөлшері артады. Ал медициналық киімдердің айына 150 мың данасы шығады. Басым бөлігі антиплагиялық костюм. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында хабарлады. 

- Біз қазір бұл цехта тігетініміз маска, арнайы киімдер және балаларға арналған киімдер, медициналық заттар тігеміз. Егер біз маска тігетін болсақ 380, 400, 500-ге дейін жоғары көтере береміз. Күніге заттарымыз ауысып тұрады. Шығарған затымызға байланысты затымызды алып отырмыз. Материалымыз жақсы, сапасы да жоғары, - дейді тігінші Сымбат Жаңабай.

Антиплагиялық костюмдер герметикалық материалдармен тігіледі. Сапасы өте жоғары. Сол себепті сұраныс көп. 

- Ұстап көрсеңіздер сапасын көресіздер. Жұп-жұқа балақайға лайықталған. Бұл ресейлік, түркиялық маталардан істелінеді. Медициналық формаларымыздың сертификаттары бар. Тіркеуі мен қауіпсіздік сертификаттары бар. Сапалы деп айта аламыз, - дейді «KazTexIndustry» ЖШС директоры Наргиза Иманакунова. 

«KazTexIndustry» компаниясы тапсырысты жылдам әрі сапалы орындап береді. Клиенттері дән риза. Қазақстанның барлық аймағында дестрюбитерлері бар. Тауарды жеткізіп береді.