Otau Group - Шымкентке инвестиция салуда көш бастап тұр

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласында орналасқан "Otau Group" компаниясы қаланың экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда. "Otau Group" бүгінгі таңда қалада көптеген тұрғын-үйлер, мектептеп, медициналық мекемелер салып, қала тұрғындарының ризашылығына бөленіп отыр. Бұл туралы "Шымкент ӘКК" АҚ басшысы Бауыржан Канкин желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, әрбір компания мемлекетке алақан жаймай, өз есебінен әлеуметтік нысандар салу арқылы экономиканың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда. 

- Инвестор есебінен салынып жатқан әрбір мектеп көркейіп, гүлденіп, қала көркін ашып жатыр. Бұл - қалада бәсекелестік қанат жайып келе жатқанын көрсетеді. Әсіресе "Otau Group" компаниясы бюджет қаржысына жүгінбей өз есебінен нысандар салуда өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Бұл қала экономикасын дамытуға өзгелерге зор мотивация беруде, - деп жазды Бауыржан Канкин. 

Еске сала кетейік, "Otau Group" - Шымкентке өз есебінен нысан салуда көш бастап тұр. Бүгінде Арғынбеков көшесінде, Бәйдібек би көшесінде аталған компания көпқабатты сәнді тұрғын-үйлер салып жатыр. Өз кезегінде бұл тұрғын-үйлер қала көркін ашып, қаладағы тұрғын-үй мәселесін шешуге де оң ықпалын тигізеді. Компания басшысы Аслан Әлімбек алдағы уақытта қаланың дамуына жұмыс істей беретіндерін әрқашан айтып келеді.