Ерлер сайысқа түсті

Screenshot_5.png

Елінің оңы болады,- демекші, қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелен ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету үшін Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Техникалық колледжде «Тәуелсіздік ұланы» атты студент ер балалар арасында жігіт сұлтаны өтті.

 Аталмыш сайыстың мақсаты – Тәуелсіздік жолында қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларына сыйластық және құрметпен қарап, Республика тарихына дұрыс түсінік пен шынайы көзқарасты қалыптастыруда студенттердің бойында патриоттық рухын тәрбиелеу. 

Сайысқа қатысқан студенттер кезең бойынша, –  өздерің таныстырып, өнерлерің көрсетіп, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, қол өнерлерімен бөлісті. Сайыс қызықты, тартымды өтті. Сондай-ақ  жігіттер қол күрес, кір тас көтеру, тир ату спорт түрлерінен де жарысып, біліммен қатар білектің де күші бар екенін көрсетті.  

 Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен қатысушыларға жастар орталығының атынан алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ерлер сайысқа түсті