Шымкент туризмі үш бағытта дамып келеді

Screenshot_12.jpg

Үшінші мегаполис атанған Шымкентте туристік сала үш бағытта дамып келеді. Бұл туралы қалалық  Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Азамат Нұрымбетов мәлім етті.

Оның біріншісі -туристік инфрақұрылымды дамыту, екіншісі-туристік маркетингті, үшіншісі- туристік сервисті дамыту. 

Мегаполисте туризм саласының дамуына тікелей ықпал ететін, туристерді тартып, қаланың  иммиджі үшін түрлі шаралар ұйымдастыратын «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» жұмыс істейді.  

Қаладаға туристер көп баратын екі аумақ бар. Оның біріншісі, сансыз баптардың мекені атанған,  әулиелі, киелі аймақ-Сайрам елді мекені. Сайрамдағы Қараша ана, Ибрагим ата, Мірәлі баб, Әбділ-Әзіз баб, Қызыр мұнарасы барлық уақытта туристердің, зияратшылардың  ерекше қызығушылығын тудыратын нысандар болып саналады. Екіншісі, Шымкенттің тарихи орны-Ескі қалашық аумағы.   Аталған аумақта кейінгі кездері қайта қалпына келтіру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды.  Жалпы, Шымкентті тарихи туризмнің орталығына айналдыру мүмкіндігі зор. Шымкент 2200 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қалалардың бірі болып саналады. Тарихтың көптеген кезеңдерін бастан кешірген қала бүгінде ескі мен жаңаны өзара үйлестірген, өзіндік келбеті бар шаһар саналады.