Шымкентте 17 туристік маршрут бар

Screenshot_13.jpg

Шымкентте бүгінде 17 туристік маршрут бар. Бұл маршруттар тек  көршілес Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарымен бірлесіп жасалған. Бұл туралы қалалық  Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Азамат Нұрымбетов мәлім етті.

Мегаполиске келген қонақтарға туристік нысандар туралы ақпарат берудің маңызы зор.  Бұл үшін арнайы портал жұмыс істейді. Бүгінде туристерге ақпараттық-анықтамылық қызмет көрсететін арнайы ақпараттық дүңгіршіктер жұмыс істейді. Мұндай дүңгіршектер қаладағы әуежай,темір жол возалы сияқты орындарда орнатылған.

Сонымен бірге қаладағы бірқатар туристік нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Сайрам елді мекеніндегі  Мұса пайғамбардың серігі саналатын Қызыр Пайғамбардың 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнарасы бар. Сайрам тұрғын алабында орналасқан бұл нысан - туристік, мәдени, ерекше нысандардың қатарында жатқызылады. Мұнара әлемге әйгілі Пизан мұнарасы секілді 15’С-қа оңға қарай қисайған. Нысанның биіктігі 10,5 м болып, жер сілкінісінің нәтижесінде қазір 5,7 метрге жеткен. Кейінгі кезде мұнараның, өзге де ескерткіштердің сыртқы келбеті тозып, күтіп-баптауды, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет еткен болатын. Осыған орай қаланың туризм орталығы меценаттардың көмегімен нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ аталған нысанға баратын жолдар да жаңартылып, жарықтандыру жүргізілді. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте 17 туристік маршрут бар