Қызғалдақ - Шымкенттің бренді

Screenshot_1.jpg

Шымкентте туристердің қызығушылығын ояту үшін көптеген іс-шаралдар ұйымдастырылуда. Солардың бірі «Қызғалдақ жолы» фестивалі.

Қалалық  Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Азамат Нұрымбетовтің айтуынша, қалалық әкімдік бұл шараны Түркістан облыстық әкімдігімен бірлесе ұйымдастырып келеді. 

Қызғалдақты Шымкенттің бренді деп атасақ та болады. Шымкентті қызғалдақтардың мекені десек те жарасады. Жыл сайын қала көшелерінде жүз мыңдаған қызғалдақтар өсіріледі. Көктемде жайқалған қызғалдақтар қаланың ерекше келбетке бөлейді. Осы бір ғана керемет сәттің өзі туристердің зор қызығушылығын тудырады. Қалада осыдан біраз жыл бұрын «Қызғалдақ» сурбұрқағының, демалыс орнының ашылуы да бекер емес. Себебі қызғалдақтың отаны Оңтүстік. Ол осы жердің топырағында жаралған. Өзге елдерге осы жер арқылы тараған.  

«Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі қалада алғаш рет 2019 жылы өтті.  Фестиваль барысында флористер дайындаған шоқгүлдерден фотокөрме қойылып, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылды. Фестиваль аясында сондай-ақ шеберлер қаласы ұйымдастырылып, арбаттың бойы қызғалдықпен көмкерілді. Мамандар флористер шеберлік сабақтарын өткізіп, сән көрсету, лотерея ойыны ұйымдастырылды. Шараның соңы эстрада жұлдыздардың концерттік бағдарламасына ұласты. 

Айта кетейік, «Қызғалдақ жолы» фестивалі Шымкенттің туристік әлеуетін арттыру, қаланың туристік саладағы маңызын арттыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қызғалдақ - Шымкенттің бренді