Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер – өмір сапасы


Бүгінгі күнде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі, оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жетімділігі.  Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2)Мемлекеттік корпорация арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға  байланысты уақытша шығындарды қысқарту; үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз болады.

Қазіргі уақытта «Egov»- мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді аудан тұрғындары қолжетімді және кедергісіз  алуда.

А.Жылкыбаева,

Әл-Фараби ауданы СЭББ жетекші маманы