Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету;

3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

   Жалпы мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары:

адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, азаматқа көңіл аудару. Яғни, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен назар аудара отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

   Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:

кішіпейіл болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау, мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстық таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу.

Б. Амантай,

 Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлім басшысы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мемлекеттік қызметшінің әдебі