Туберкулезден қалай қорғануға болады?
Туберкулез – жұқпалы ауа-тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру. Туберкулездің қоздырғышы микробактериялар болып табылады. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі – туберкулездің ашық түріне шалдыққан адамдар. Қоздырғыш ең алдымен өкпені, кейде басқа ағзаларды да зақымдайды. Ауруды емдеуге болады, бірақ егер туберкулез ауруы уақытында анықталмаса немесе емделмесе адамның өліміне әкелуі мүмкін.
Туберкулез бактериялары науқас адамдан сау адамға түшкіргенде және жөтелгенде сілекей тамшыларымен бірге беріледі. Туберкулез қоздырғыштары ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Қоздырғышы бар ауаны жұтқан адамдарға бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпені зақымдайды.
Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен ауырғанда келесі белгілер пайда болады:
- үш немесе одан да көп аптаға созылатын жөтел;
- жөтел кезінде қақырық қанмен аралас болуы мүмкін;
- тыныс алу немесе жөтел кезінде пайда болатын кеудедегі ауырсыну;
- әлсіздік пен шаршау сезімі;
- жоғары температура, қалтырау, түнде терлеудің жоғарылауы;
- тәбеттің төмендеуі және салмақтың біртіндеп төмендеуі.
Балалар арасындағы ауруды ерте анықтау мақсатында қауіпті топтар және туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған балалар арасында туберкулез инфекциясына жаппай тексеру қарастырылған. Ол үшін иммунодиагностика екі нұсқада жүзеге асырылады:
1. Манту Сынамасы. Теріге туберкулин енгізіледі-ауру тудырмайтын өлтірілген және жойылған туберкулез бактерияларының қоспасы. Егер адам туберкулезбен ауырса, сынама мөлшері ұлғаяды.
2. Рекомбинантты туберкулез аллергені (АТР) бар сынама. Бұл сынама Манту сынамасының салу техникасына сай жасалады.
Ересек адамдарда туберкулез диагнозын растау үшін флюорография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы және туберкулез бактерияларына қақырықты микробиологиялық тексеру жүргізіледі.
Біздің әрқайсымызда бар туберкулезден қорғанудың ең тиімді тәсілі – профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесінде көрсетілген БЦЖ вакцинациясы. Алғашқы вакцинация өмірдің 3-4 күнінде перзентханада жасалады. Туберкулез ауруын алдын алудың негізгі шаралары:
- салауатты өмір салтын ұстану – жүйелі түрде белсенді дене
шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, таза ауда демалу;
- тиімді тамақтану – ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-
жидектерді жетілікті мөлшерде қолдану;
- зиянды әдеттерден аулақ болу – темекі, алкоголь, есірткіні тұтынбау;
- жеке тазалық тәртібін сақтау – жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу;
- таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;
- үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, (ылғалды) тазалап отыру;
- қақырықты түкіре салмау (аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет).
Аурудың белгілерін байқаған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгініңіз. Уақытында анықталған туберкулез – айығып кетудің кепілі.
Есіңізде болсын, туберкулез емделетін ауру. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!
А.ТУРЫМБЕТОВА,
Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары