Жеңіл өнеркәсіп өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі талаптары
Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын сан түрлі заттарды өндіреді. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындарды жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық, аяқ киім, тігін, галантерея бұйымдарын өндіретін жиынтығы.
Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ өнімді пайдаланушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға әкелетін әрекеттерді болдырмау мақсатында кеден одағының аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейді. Осы техникалық регламенттер қолданылатын жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне мыналар жатады:
- тоқыма материалдары
- киім және тігін, трикотаж бұйымдары
- тоқыма және галантерея
- аяқ киім
- былғары және былғары бұйымдары
- жасанды былғары
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі механикалық,химиялық,биологиялық көрсеткіштер бойынша бағаланады.
Өнімнің таңбалануы келесі міндетті ақпараты қамтуы керек:
- Өнім атауы;
- Шыққан елдің атауы;
- Өндірушінің, сатушының немесе өндіруші рұқсат берген тұлғаның атауы;
- Өндірушінің, немесе сатушының немесе өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның заңды мекенжайы;
- Өнім көлемі;
- Шикізаттың құрамы;
- Тауар белгісі (бар болса);
- Мүше мемлекеттер нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі;
- Өндірілген күні;
- Таңбалау және ақпарат орыс тілінде немесе аумағында осы тауар өндірілетін және тұтынушыға өткізілетін кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде берілуі тиіс. КО ТР талаптарына сәйкес өнімнің таңбалануы сенімді, оқылатын және тексеру және сәйкестендіру үшін қолжетімді болуы қажет.
Жеңіл өнеркәсіп өнімі нарыққа шығарылғанға дейін сәйкестік туралы декларация немесе сертификаттау нысанында жүзеге асырылатын осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растау рәсімінен өтуге тиіс. Сәйкестікті растау үшін өнімдер сәйкестендірілуі қажет.
Өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып қауіпсіз өнім таңдауға шақырамыз.
Н.МАМАШ,
Еңбекші аудандық СЭББ бөлімі басшысы