"Жұмсақ балмұздақ" қандай болу керек?


Жазғы маусымның басталуымен сұранысқа ие өнімдердің бірі - балмұздақ, әсіресе "жұмсақ балмұздақ"  (фризерде өндірілген және мұздатқышта қатаю процесінен өтпеген сүт өнімдері) аса танымал өнім.

Осы өнімді қабылдау, сақтау және өткізу шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда ішек инфекциясына немесе сальмонеллезге әкелуі мүмкін. 

Тұтынушыларға арналған ұсыныстар

Жаздың аптап ыстығында ешкім "суық десерттен" бас тартпайды, бірақ кейде балмұздақ қауіпті  өнімге айналады. Бұл тек тамақтың  қабынуы ғана емес, сонымен қатар сапасыз өнімнен улану. Егер өндіріс технологиясы сақталмаса және өнімді сақтаудың температуралық режимі бұзылған жағдайда бұл мүмкін болады.

Патогендік бактериялар ағзаға енгеннен кейін диареяны, жүрек айнуын және температураның жоғарылауын тудыруы мүмкін.

Көбінесе көшедегі сауда нүктелерінің кәсіпкерлері аппараттарды өңдемейді, балмұздақты сату жуылмаған қолмен жүзеге асырылады, өйткені оларда қарапайым жағдайлар жоқ - қол жууға арналған су жоқ, сатушыға дайын қоспаны әкеледі, ол оны көшедегі аппаратқа құйып, бірнеше күн сауда жасайды.

Сатып алмаңыз:

- егер балмұздақ пішінін жоғалтса, онда ол бірнеше рет еріген, бұл өнімдегі микробтардың көбеюіне әкеледі.

- түстері әртүрлі балмұздақ  - сап-сары немесе өте қызыл болса, олар зиянды бояғыштарға толы болуы мүмкін.

Назар аударыңыз:

- контрафактілік өнімдерді байқаусызда жеп көрмеу үшін өнімнің орамасына. Онда мыналар көрсетілуі керек: өндіруші, атауы, таза салмағы, бағасы, стандарттың белгіленуі, өнімнің шығарылған күні және оның жарамдылық мерзімі. Бұл ақпарат көрсетілмеген балмұздақ сатып алмаған дұрыс.

- қала көшелерінде және күмәнді жерлерде  сатылатын балмұздақты сатып алмаған дұрыс, өйткені ол көбінесе мерзімі өтіп кеткен және осы өнімге қандай да бір құжаттаманы ұсыну талабына сай болмай шығады.

- егер шарлары әртүрлі қораптардан алынған жұмсақ балмұздақ болса, балмұздақ салатын қасықтың қай жерде екенін қадағалаңыз – ол суда сақталмауы керек.

- егер сіз осы өнімнің дәмін татып көрсеңіз, жағымсыз иісті, дәмді сезсеңіз немесе оның консистенциясы күдік тудыратынын байқасаңыз, өнімді одан әрі жеуден бас тартқан дұрыс.

- сапалы балмұздақтың құрылымы қант пен мұздың нақты бөлшектерінсіз біркелкі болуы керек. Егер балмұздақ мұз кристалдарымен жабылған болса, оны ерітіп, қайтадан мұздатқышқа салған болуы мүмкін. Сатып алудан бас тартқан дұрыс.

- егер балмұздақ бөлінсе - бұл нағыз өнім. Егер ол кесіліп, жағылса, оның құрамында өсімдік майлары бар.

Осыған байланысты өндірушінің зауыттық қаптамасына оралған порцияланған балмұздаққа артықшылық беру ұсынылады.

Н.Кенжебай

Әл-Фараби СЭББ

бас маманы

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: "Жұмсақ балмұздақ" қандай болу керек?