Нұрбек Нышанов: Снюс темекіден де қауіпті
Нұрбек Нышанов, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілітін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
- Нұрбек Садықбекұлы, «Снюс» дегеніміз не және несімен қауіпті?
- Снюс –бұл ылғалданған темекі. Ол ауыз арқылы қабылданады. Негізінен снюс хош иістендіргіштердің қоспасынсыз шығарылады, онда-темекінің дәмі мен иісі бар. Бірақ әр түрлі хош иістерімен, атап айтқанда -жалбыз, гүл, жеміс, өсімдік және басқа да дәмі бар түрлері бар. Снюстің басты қауіптілігі оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы ( 1 дана темекіде -1,5 мг болса, снюста - 20 мг - 250 мг дейін.).
- Снюстің адам ағзасына зияндылығы қаншалықты, өнімді кімдер көптеп тұтынады?
- Снюстің қауіптілігі - оны ұзақ уақыт ауызға салып ішке ерітіп жібергендіктен, никотин қан мен ми жасушаларына тезірек түседі. Осылайша, никотиннің ағзаға түсетін мөлшері, темекіге қарағанда бірнеше есе жоғары. Снюстің құрамында потенциалды канцерогендік әсерімен 30-дан астам химиялық заттар бар. Ал, канцерогендер мутация және ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш және өкпенің қатерлі ісіктерінің дамуын тудырады. Тұтыну кезінде адам өміріне маңызды органдар улы соққы алады.
Снюсті тұтыну әсіресе балалар мен жасөспірімдерде сабақ үлгерімінің төмендеуі, қызығушылықтар шеберінің азаюына әкеліп соғады. Снюстің ағзаға зияндылығы:
- психомотриялық қозудың пайда болуы, мінез-құлықтың өзгеруі.
- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;
- тістің бұзылуы, пародонтоз;
- бой өсуінің баяулауы және тоқтауы;
- есте сақтау қабілеті мен назар аударудың концентрациясын нашарлауы;
- ашушаңдылықпен тітіркенудің жоғарлауы;
- иммунитеттің төмендеуі және инфекциялық ауруларға қарсы тұралмауы;
- ауыз қуысында, асқазанда онкологиялық аурулардың пайда болуы.
- Снюсқа Қазақстан Республикасында тиым салынған ба, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан қандай іс-шаралар атқарылуда және Түркістан облысы аумағында снюс өнімі барма?
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.12.2019 жылғы «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы» қаулысы шықты. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы қол қойылған күннен, яғни 2019 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілгенін атап өтеміз. Оны орынмадау ӘҚбКо 462 бабына сәйкес кіші бизнес субъектілерге 265 мың теңге (100 АЕК), орта бизнес 530 мың теңге (200 АЕК), ірі бизнес 1 млн 325 мың теңге (500 АЕК), лауазымды тұлғалар 39,7 мың теңге (15 АЕК) айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапқа тартылады.
Түркістан облысының аумағында қәзіргі таңға дейін Снюс өнімі анықталған жоқ.
Осы қаулыны орындау мақсатында Департаментпен бірнеше жұмыстар жүргізілуде, атап айтсақ: ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, Түркістан облысының Полиция департаментіне, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына,Адами әлеуетін дамыту басқармасына, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына, Түркістан облысының Кәсіпкерлік палатасына, Кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму басқармасына,Түркістан облысы ТмКҚСмҚБ басқармаларына хат жолданды.
Снюстің алдын алу бойынша қазіргі таңда 25 акциялар, 49 дәріс оқылды, тұрғындармен 135 кездесулермен жиындар өткізілді, 195 брошюралар таратылды,снюстің зияндылығы туралы жадынамалар облыстық білім беру басқармасына жіберілді, сонымен қатар, департаменттің және басқармалардың әлеуметтік желілерінде снюстің зияндылығы туралы ақпараттар жарияланды.
Осы бағытта санитарлық ағарту жұмыстары күшейтілуде.
Сәйкес келмейтін өнімдерді дүкендердің сөрелерде анықталған жағдайда жедел шараларды қолдану үшін Департаменттің (немесе оның аумақтық басқармалардың (әр аймақтың байланыс мәліметтері kkkbtu.dsm.gov.kz/ru сайтында аумақтық департаменттер бөлімінде) мекенжайларына жазбаша түрде жүгінуге ұсыныс береміз.Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (:8(72533)7-10-52 телефон нөмеріне хабарласуыңыз сұралады.