Полицейлер оқушылар мен студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

уйрету.jpeg

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 150-ден астам есірткіге қатысты жайтты анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Полиция департаментінің аудандық құрылымдарының полицейлері жыл басынан бері есірткіге қатысты 153 жайтты анықтады. Оның 63-і есірткі қылмысы болса, 90-ы теріс қылықтар және 9 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы – «автокөлік құралын есірткілік мас халде басқару» бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, есірткі сатуды кәсіп еткен – 21, есірткі өсімдігін заңсыз егумен айналысқан – 6, аса ірі көлемде есірткі сақтаған 3 азамат құрықталды. Заңсыз айналымнан 20 келіге жуық түрлі есірткі заттары және 5500-ден астам есірткі өсімдіктері тәркіленді. 

Өз кезегінде Полиция департаменті мамандары облыс аумағында оқушылар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері арасында 22 профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың аналогтары және улы заттардың заңсыз айналымы қылмыстарын анықтау, алды алу мен жолын кесу мақсатында жыл басынан «Допинг» және «Паутина» жедел-профилактикалық іс-шараларының 1 кезеңі өткізілді.