Ордабасылық ақ халаттылар жарады

Screenshot_5.jpg

Адамның сұлулығы – саулығы дейді. Ия біздің сұлу да сау болып жүргеніміз бірінші кезекте ақ халаттылардың арқасы десек болады. Әсіресе елдің есін алған індетке кеудесін тосып, күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің ерліктерін бағаламасқа болмайды. 

     Тәжвирус тұрғындардың алқымынан ала бастаған сәтте Түркістан  облысы Ордабасы ауданынының әкімдігі мен дәрігерлері дер кезінде шешім қабылдап, өңірде алғашқылардың бірі болып арнайы инфекциялық госпитальдан 50 төсек орын әзірлеп,  коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге кірісті. Бұл ауданда эпидемиологиялық ахуалдың өршуінің  алдын алды.  Бүгінде  госпитальда ордабасылық мамандар  түн ұйқысын төрт бөліп, науқастарға  ем көрсетуде.  «Әріптестерімізге қажетті жағдай толығымен жасалған деп айта аламын. Арнайы қорғаныш киімдерімен, күнделікті қолданатын гигеналық заттарымен қамтамасыз етілген. Аурухананың асханасында тамақ тағайындалып инфекция бөліміне ыстықтай жеткізіледі. Қосымша сұраған қажетті заттармен қамтамасыз етудеміз. Коронавирус жұқтырған адамдармен тікелей жұмыс істеп жүрген мамандарыыз ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қосымша қаржы берілді. Қазіргі таңда 3 инфекционист дәрігер жұмыс жасауда»,- дейді ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері  Бақытжан Мырзагелдиев.  Сырқат – сынақ, дерт - қонақ. Ордабасылық дәрігерлер «қонақтап» алған аты жаман ауруды біз болып, сіз болып жеңіп шығатынымызға сену керек, әрекет ету керек дейді.  

Screenshot_6.jpg

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ел саулығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген Ордабасы аудандық орталық ауруханасының  бірқатар қызметкерлерінің мерейі үстем болып, басшылардың қолынан марапат алды.  

     Еңбегі еленгендердің бірі  аурухананың тәжірибелі дәрігері,   фтизиатрия бөлімінің меңгерушісі Пазылбек Сеитов  - Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.   Ал жұқпалы аурулар бөлімінің кіші қызметкері      Ләззат Сүлейменова        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін мақтанышпен кеудесіне тақты.  Денсаулық сақтау министрлігінің сондай-ақ  тағы 3 ордабасылық  маманға  құрмет грамотасын жолдауы жергілікті ақ халаттылардың білімі мен білктілігінің жоғары деңгейде екенін аңғартса керек.  

Screenshot_8.jpg

Бұл күні ерекше тосын сыйларға  толы  болды. Мекемеде талай жылдан бері есепші болып қызмет етіп, аурухананың экономикалық әлеуетін көтеруге үлесін қосып жүрген Ермахан Абибуллаұлы  Ордабасы ауданының 55-жылдық мерекесіне орай «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Дәл осындай медаль қаншама сәбидің кіндік шешесі атанған перзентхана бөлімінің неонатолог дәрігері Эльмира Нақыпбековаға, балалар дәрігері Ақмарал Сағымбековаға және Бөржар дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі  Мінәй Тұрсынқұлға табысталды. 

    «Алтын қолды дәрігер» деген тіркесті жиі естіп жатамыз.  Мұндай алғысты арқалау қай дәрігердің болмасын арманы деуге болады. «Алтын дәрігер»  Ордабасыда да бар.  Республикалық «Ұстаз Жолы» қоғамдық қорының шешімімен Денсаулық сақтау саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін мереке күні  Ләззат Сарбасова   «Алтын дәрігер»  төсбелгісіне қол жеткізді. Бұдан бөлек бірқатар қызметкерлер  Түркістан облысы әкімінің грамотасымен,  Түркістан облыстық филиалының Нұр отан партиясының,  облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы  Марат Пашимовтың,  аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың,  аудандық мәслихат хатшысы Баймахан Қожатайұлының  Алғыс хаттарымен марапатталды. Әрдайым бірлігі бекем ұжымымыен мақтана алатын аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев те бірқатар әріптестеріне алғысын айтып, өз қолымен грамота тапсырды.    

  Бейнет түбі зейнет демекші ауруханада мереке қарсаңында осы мекеменің гүлденуіне тер төккен, талай жанның өмірін құтқарып, өзінен кейінгі өсіп келе жатқан жас буынға үлгі болып, өнеге көрсеткен дәрігер, терапия бөлімінің меңгерушісі  Жақан Өзгелдіні  зейнет жасына шығуына байланысты Бақытжан Мырзалыұлы   құрмет көрсетіп,  сый-сыяпатын жасады. 

  Өз кезегінде  Гиппократ антына берік, ақ халатына кір келтірмей жүрген ордабасылық мамандар басшыларға алғыстарын жеткізіп, осындай аласапыран кезеңде қамкөңілдерін көтеріп, қуаныш сыйлағандары үшін ризашылықтарын білдірді. 

Screenshot_7.jpg

    Айта кетейік, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы аудандағы 53 елді мекенге медициналық қызмет көрсетеді. Ауруханада 243 төсек орын бар. Емхана бір кезекшілігінде 500 адамға қызмет көрсетеді. ауданда  4  бастапқы медициналық санитарлық көмек орталығы жұмыс істейді. Олар: Шұбарсу, Бадам, Қараспан және Төрткөл. Сондай-ақ 8  дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетіп келеді (Бөржар, Қайнар, Шұбар, Қажымұқан, Көктөбе, Жеңіс, Бөген, Қарақұм). Сонымен қатар ауданда  18  фельдшерлік акушерлік бекет пен 21  медициналық бекет бар.

    Қашанда сан емес сапаға мән беретін  аурухана басшысы мамандарымызды оқуға, тәжірибе алмасуға Қазақстанның басқа қалаларына, шет елдерге жіберіп біліктілігін арттырып аурулардың деңгейін төмендетіп, сапалы медициналық көмекті ұйымдастырудамыз дейді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ордабасылық ақ халаттылар жарады