Тұрғындарға карантин талаптары мен құқықтарын түсіндірді
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде өңірде күшейтілген тәртіп пен шектеулер енгізілді. Коронавирус індетіне байланысты халық арасында жұқпалы инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылды.
Бәйдібек ауданында Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде көшелерге, шектеу белгіленген жерлерге ішкі бекеттер қойылды. Осыған орай, карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіріп өтті.
Карантин шараларының орындалуын Келес аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері де бақылауға алды. Келестік тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертуде. Нәтижесінде ТО Бас санитарлық-дәрігерінің қаулысына сәйкес өткен сенбі, жексенбі күндері Келес АПБ және Әкімшілік қызметкерлерімен біргелікте рейдтік шаралар іске асып, кафе-базарлар жұмыстарын тоқтатты. Бұдан кейінгі күндері де полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескертіп жұмыс істеуін ұғындырып, қадағалап, рейдтік шараларын үздіксіз ұйымдастырып тұрады.