11 адамның 3,5 млн теңгесін алдап алған адам ұсталды

image.png

Түркістан облысының полицейлері 11 адамды алдаған алаяқты ұстады. Ол қаржылық пирамидаға үгіттеп, жалпы көлемі 3,5 миллион теңге жиып алып қашып кеткен. 

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне 10-нан астам адам алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленушілердің айтуынша өткен жылдың наурыз, мамыр айлары аралығында өздеріне жақсы таныс емес әйел сенімдеріне кіріп, бонустық жобаға тіркеп беремін, қосымша табыс табасыздар деп көндіріп, қаржы пирамидаларының біріне ақша салдыртып, соңында жоқ болып кеткен. Бір жыл бойы сандалған тұрғындар осы іс бойынша аудандық поицейлерден көмек сұрады. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-не ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Орын алған қылмысты ашып, тұрғындарды сан соқтырған әйелді ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың барлығы 11 алаяқтық дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3,5 миллионға жуық теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.