6 айда 7 тонна есірткі тәркіленді

анаши.jpg

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 7 тонна есірткі және алты мыңнан астам құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді тәркіледі. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және аудандық құрылымдардың қызметкерлерімен тұрақты түрде, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылдың алғашқы алты айында тәртіп сақшыларымен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 232 есірткімен байланысты дерек анықталды. Оның ішінде 121 есірткі қылмысы болса, ал 111-і теріс қылықтар және 11-і есірткі әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Есірткі қылмыстары бойынша 56 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Есірткі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 11 азамат жауапкершілікке тартылды.

Осы уақыт аралығында 28 есірткі сатушы ұсталды. Мысалы, Сарыағаш ауданында жедел уәкілдер героинді сатқаны үшін 4 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олардың барлығы Түркістан облысының 45-58 жас шамасындағы тұрғындары. Күдіктілер бір жыл бойы есірткі, оның ішінде героин мен марихуана сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта олардың барлығы қамауда. Аталған жайт ҚР ҚК-нің екі бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: Олар 296-бап "Аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау" және 297-бап "Есірткі заттарын сату".

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 6 айда 7 тонна есірткі тәркіленді