1000-ға жуық көлік айыптұраққа қойылды

штрафстоянка.jpg

Түркістан облысы әкмідігінің тапсырмасымен өңір полицейлері жол апатын болдырмау, көлік қозғалысын реттеу, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмістар жүргізіп келеді. Өкінішке қарай, елімізде жолда жүру ережелерін бұзатындар немесе арнайы жол белгілеріне назар аудармайтындар көптеп кездеседі.

Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында эвакуаторды тізгіндеген тәртіп сақшылары қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Жол-патрульдік полицейлері эвакуаторда күндіз-түні жұмыс істейді. Олар қаланы аралап, ереже бұзған көліктерді арнайы құрылғы арқылы эвакуаторға тиеп, айыптұраққа жеткізеді. 

Сарыағаш ауданының өзінде полиция бөлімі тарапынан қазіргі таңда ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен «Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» 972 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынып, автокөліктер айыптұраққа қойылған.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тоқтауға және аялдамаға, жолдың жүріс бөлігіне көлік қоюға болмайтындығын ескертеді. Заңға бағынбай, өзіңізге ыңғайлы жерге көлігіңізді қойып кетуге мүлдем болмайды. Тәртіпке бағынып, тек белгіленген жерлерге темір тұлпарыңызды қоюға дағдыланыңыз деп кеңес береді. Өзгелерге кедергі келтірмеуге шақырады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 1000-ға жуық көлік айыптұраққа қойылды