Мотоциклден марихуана тәркіленді
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңірде есірткі бизнесін болдырмау және оның алдын алу жұмыстары заң талаптарына сай күшейтілген режимде жүргізілуде. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырған Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд барысында мотоцикліне марихуана жасырған күдіктіні ұстады.
Сырдария өзенінің тоғайлық алқабында түнгі топта қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторлары полиция капитандары Мейірбек Өмірбекұлы және Нұрлан Өсерұлы күдік туғызған «Урал» маркалы мотоциклін байқайды. Аталған мотоциклді тоқтатып тексеру барысында полицейлер мотоциклдің артынан полиэтилен пакетіне салынған жасыл түсті марихуана есірткі затына ұқсас үш түп өсімдік тауып, тәркілеп алады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабымен "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу" тіркелді. Сараптама тағайындалды.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тоғайда өсіп тұрған марихуана өсімдігін алып келу үшін мотоциклі бар танысын жалдап, ойға алған ісін іске асырып келе жатқан кезінде тәртіп сақшылары ұстаған. Бас шарасы қолхатта.
Қазіргі таңда, қылмыстық іс бойынша жинақталған материалдар Мақтаарал аудандық сотына жолданды.