Ордабасы ауруханасы пандемияны қалай еңсерді?
Бүкіл адамзатты әурелеңге салған пандемия әсіресе ақ халатты абзал жандардың мойнына ауыр жүк артты. Науқастардың көптігінен емхана, аурухана қызметкерлері күні-түні аянбай жұмыс істеп, індетпен күресті. Бұл медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі деп білеміз.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасы үшін де 2020 жыл үлкен сынақ болды. Алайда ұжымымыз көзге көрінбейтін жауға қасқая тұрып, дертіне шипа іздеген қаншама науқасты аяққа тұрғызып, жақсы нәтижелерге қол жеткізе білді.
Ауданымыздың тұрғындарына 1 аудандық емхана, 1 аудандық аурухана, 3- бастапқы медициналық санитарлық көмек, 8 дәрігерлік амбулатория, 20 фельдшерлік-акушерлік бекет және 18-медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді. Жалпы 51 мекеме.
Соңғы жылдары бізде ана өлімі мүлдем тіркелмегенін айта кеткен жөн. Ал туылған нәрестелер саны алдынғы жылдармен салыстырғанда жоғарылады: 2019 жылы туылған нәрестелер саны 2483 болса, 2020 жылы 2574 болып көбейді.
Халықтың табиғи өсімі алдынғы жылмен салыстырғанда 1есеге көбейді, ал аурушаңдық айтарлықтай төмендеді, атап айтқанда:
- қанайналым жүйесінің ауруларымен ауыратын адамдар өткен жылмен салыстырғанда 755 адамға азайды;
- туберкулез ауруының көрсеткіші 2019 жылы 44,4 қүраған болса 2020 жылы 38,0 ге төмендеді;
- онкологиялық аурулар 81,2 ден 72,4ке төмендеді.
- 2020 жылы балалар өлім-жітімі айтарлықтай төмендеді:
- 2019 жылы 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 20, көрсеткіші (1 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны) 8,1 күраған болса, 2020 жылы 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 12, көрсеткіші 4,7 төмендеді.
"Ақыл жастан" демекші биыл ауруханаға 14 жас мамандарды тарттық. Оладың 8-і жалпы тәжірибелі дәрігер, 2-і терапевт және педиатр, стоматолог, акушер-гинеколог, аллергологтар.
Биыл пандемияға қарамастан Ордабасы аудандық орталық ауруханаға қарасты ескі ғимаратты (ескі аурухананың перзентхана, жансақтау, хирургия бөлімдері болған) аурухананың үнемделген және ақылы қызметтен түскен қаражат есебінен, аудан әкімшілігі тарапынан демеушілік жасау арқылы күрделі жөндеуден өткізілді. Ғимаратты қалыпқа келтіріп, науқастарға қажетті жағдай жасалды. Қазіргі таңда ғимарат COVID-19 пандемиясына байланысты 40-төсек орындық инфекциялық госпиталь ретінде пайдаланылуда.
Қараспан ауылдық емханасына қарасты Жұлдыз, Ақжол фельдшер-акушерлік бекеттері, Бөржар дәрігерлік амбулаториясына қарасты Бірлік фельдшер-акушерлік бекеті мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы салынып жаңа ғимарат табысталды. Шұбар дәрігерлік амбулаториясына қарасты Сарытоғай, Жусансай, Аққойлы ауылдарында мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы фельдшерлік-акушерлік бекет салынуда.
Тағы бір жағымды жаңалығымыз ауруханамызға табиғи газ жүйесі тартылып, 2020 жылдың қараша айында толығымен іске қосылды. Ордабасы аудандық орталық ауруханасының үнемделген қаржы есебінен жаңа қазандық сатып алынды.
Осы ретте ел басына күн туған сәтте мекемемізге демеушілік көрсеткен барлық жандарға айтар алғысымыз шексіз. Ауруханамызға коронавирус індетіне байланысты гуманитарлық көмек ретінде Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан -119906 дана –дәрі дәрмек қоры келді. ТО ДСБ-дан санитарлық DAMAS автокөлігі берілді. ТО Ордабасы аудандық орталық мешітінен 550- дана төсек жайма матасы берілді. Ордабасы ауданының шаруашылық бөлімінен, Шұбар ауылы,Төрткүл белсенділерінен, «Біз отандастар қорынан», Мәдениет үйінен, Ордабасы аудандық ауыл шаруашылық тарапынан, Ынталы елді мекенінің белсенділерінен, Бадам ауылы белсенділерінен, ЧФ «DAULETTEN Қайырымдылық қоры»-нан дәрі-дәрімекпен, медициналық құрал-жабдықтармен қолдау көрсетілді.
-Түркістан облысы ҚДБ тарапынан(аппарат высокопоточной оксигенаций 5- дана ) берілді.
-КВИ -мен жұмыс жүргізуге аудандық әкімшілік тарапынан демеушілік көрсетілді: 2 оттегі рампасы орнатылды, 40 дана оттегі баллоны берілді.
-38 Пульксоксиметр Орадабасы аудандық орталық аурханасында қолданыста болған, қосымша Түркістан облысы ҚДБ басқармасына 62 дана пульксоксиметр беріліп,қазіргі таңда 100 пульксоксиметр қолданыста.
2020 жылдың тағыда бір жаңалығы Түркістан облысының медициналық мекемелерге жылжымалы медициналық кешендер (автобус) берілді. Ордабасы аудандық орталық ауруханасына 1 жылжымалы медициналық кешендер (автобус) табысталды.
COVID-19: COVID-19 пандемиясымен күресуге медициналық қызметкерлердің резерві жасалды.
2020 жылы аурухананың ескі ғимаратының 1133 м² жалпы көлеміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 40 төсек орындық инфекциялық бөлім, 20 төсек орындық обсерваторлық бөлім іске қосылды.
Коронавирус инфекциясының таралуын төмендету және жұқтыру қауіпін азайту мақсатында Сүзгі бөліміне Бас санитар дәрігердің 57 қаулысы бойынша таза және лас аймақтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Науқас балаларды, жүкті әйелдерді және ересек науқастарды. Емхана бөлімінен Сүзгі бөліміне тускен, және ауруханаға қабылдау бөліміне шұғыл түскен науқастардың барлығынан ПТР сынамасы алынып, 30 төсек орындық уақытша изолятор лас аймаққа жатқызылып, ПТР сынамасының қорытындысы дайын болғаннан кейін бейінене қарай бөлімшелерге ауыстырылуда.
Аудандық орталық ауруханада коронавирустық инфекцияны анықтайтын зертхана іске қосылды. Зертхана мамандары ПТР әдісімен тәулігіне 500-ге жуық тест өткізуге мүмкіндігі бар. Арыс, Бәйдібек аудандарымен ПТР ды анықтау барысында келісім-шарт жасалып, жұмыс атқаруда. ПТР зертханасы 24-сағат тәулік бойы жұмыс жасауда.Аудан көлемінде 18 мобильді топ жұмыс атқаруда.
Ордабасы аудандық орталық аурханасының кіреберіс есігінде Санөткел орналастырып медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікпен ауруханаға кірген адамдардың дене қызуын өлшеп қызмет жасауда.
-КВИ бойынша Ордабасы АОА – ның стационарында, орталық емханада және 4 БМСК (Қараспан, Бадам, Төрткөл, Шұбарсу) 8 Дәрігерлік амбулаторияларында (Шұбар, Қайнар, Бөржар, Бөген, Жеңіс, Қарақұм, Қажымұқан, Көктөбе) аула аралау жұмыстары жүргізілді.
- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы онлайн семинар жаттығу сабақтары өткізілді.
- Ордабасы аудандық орталық аурухананың Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері, 4 БМСК, 8 дәрігерлік амбулатория, 18 медициналық бекет, 21 фельдшерлік акушерлік бекеттің медицина қызметкерлері аула аралап коронавирус бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 6000-нан астам ақпараттық парақшалар таратылды.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты емдеу мекемелерінде пандемияға байланысты аудандық аурухана қызметкерлерінен әр аймаққа жауапты мамандар бекітіп, бас дәрігердің бұйрығымен бекітілді. Ордабасы аудандық орталық аурухананың әлеуметтік желілері (facebook: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, instagram: ordabasy.aoa, whatsApp чаттар) арқылы күнделікті посттар салынуда. Посттарда коронавирустың алдын алу, жеке гигиена, салауатты өмір салтын сақтау, карантиндік тәртіп, коронавирус бойынша орын алып жатқан жаңалықтарды фото және видео түрінде жарияланып отыруда.
Перзентхана бөлімінің алдынан термометриямен медицина қызметкері қорғаныш киімімен жүкті әйелдердің дене қызуын өлшеп, дене қызуы бар немесе COVID-19 расталған жағдаймен пневмониямен түскен жүкті әйелдерге сырттан кіріп шығатын есігі бар бокс палата қарастырылып, жүкті әйелдің босануына жағдай жасалынған.
-Аурухана бойынша 24 орталықтандырылған кислород нүктесі болған, қосымша Түркістан облысы ҚДБ нан 40-дана кислород нүктесі орнатылды.Жаңадан ашылған ғимаратқа инфекциялық госпитальге 20 кислород нүктесі қойылды.Қазіргі таңда 84 орталықтандырылған кислород нүктесі бар.
-Аурухана бойынша 11 концентратор болған, гуманитарлық көмектен 30 дана кислородты концентратор келді, 21 данасы қолданыста (қорда 9 данасы тұр). Аурухана бойынша барлығы 41 дана кислородты концератор бар.
- Аурухана бойынша 19 ИВЛ аппараты бар. Қосымша гуманитарлық көмектен 2- ИВЛ аппараты келді. 1 данасын ТО ҚДБ келген. Қосымша гуманитарлық көмектен 4 ИВЛ аппараты берілген. Аурухана бойынша барлығы 26-ИВЛ аппараты бар .
Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан пандемия кезінде науқастарға қызмет көрсеткен медицина қызметкерлері арасында COVID-19 расталған жағдаймен пневмония диагнозымен қайтыс болған медицина қызметкерлері тіркелген жоқ.
Бахытжан МЫРЗАГЕЛДИЕВ, Ордабасы аудандық орталық аурухана бас дәрігері