Егіздердің дүниеге келуі генге байланысты ма ?

Бала жоспарлау барысында егіздердің дүниеге келуін қалайтын ата-аналар көптеп кездеседі. Дегенмен егіздердің дүниеге келуін тек генмен байланысты деп, үмітсіздікке салынатын аналар да баршылық. Егіз, үшемдердің дүниеге келуі генге байланысты ма жоқ әлде басқа да себептері бар ма? Мысалы табиғи жолмен егзідер мен үшемдер қай кезде дүниеге келуі мүмкін? Осы сұрағымызға Түркістан облыстық  №2 перинаталдық орталығы бас дәрігердің орынбасары, акушер-гинеколог Мадина Мамбетова жауап берді.

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

Соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемде егіздер мен үшемдер  дүниеге келуі көбейген. Бұл жағдаят медициналық тәжірибеге жоғары тиімді репродуктивті технологиялардың кеңінен енгізілуімен түсіндіріледі.

Егіздердің дүниеге келуі келесі факторлардың аясында пайда болады:

  • Тұқым қуалаушылық (егер отбасында егіздер дүниеге келген болса, онда егіздерге жүктіліктің ықтималдығы артады);

  •  30 жастан асқан әйелдің жүктілігінде;

  •  Тұжырымдама гормоналды контрацептивтерді алып тастағаннан кейін бірден пайда болды;

  •  Бедеулікті емдеуде овуляцияны ынталандыру әдістерін қолдану;

  • ЭКО қолдану.

     Осыдан 30 жыл бұрын табиғи жолмен егіздердің  дүниеге келуі  100-ден 30 пайызды  құраса, қазір жаңа репродуктивті технологиялар аясында 50 пайызға артып отыр,-деді Мадина Ережепқызы.