Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол ізде!
Иммундау – бұл адамның иммунитетті иелену үдерісі немесе вакцина енгізу арқылы жұқпалы ауруларға қарсы төтеп бере алуы. Вакцина жұқпалы аурудан немесе инфекциядан адам организмінің иммундық жүйесін қорғауға себептеседі.
Иммундау өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл тіпті халықтың ең осал тобына иммундау қолжетімділігін қамтамасыз ететін стратегиялармен тексерілген денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар тұрғысынан ең тиімді түрі. Нақты анықталған мақсатты топтар бар; шығу бригадалары арқылы иммундауды орында жүргізу мүмкіндігі бар; вакцинациялау үшін өмір салтын айтарлықтай бір бағытқа өзгертудің қажеті жоқ.
Сәуір айының соңғы аптасында (23-29) “Еуропалық иммундау апталығы” өтеді. Мақсаты халықтың денсаулыққа және адамдардың сау болуына иммундаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат алуын жоғарылату.
Иммундау - денсаулық сақтаудың ең табысты және тиімді әдістерінің бірі. Ол адамның және жалпы халықтың денсаулығын сақтауда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге және жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта балаларды дифтерия, сіреспе, гепатит, кене энцефалиті, қызылша сияқты 5 жасқа дейінгі жаста өлім жағдайына әкелетін аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Барлық ата-аналар өз балаларының қауіпсіз болғанын қалайды. Ал екпе жасалатын аурулардың өздері әлдеқайда қорқынышты.
Қазір көбіне вакцинацияның асқынуы асыра айтылады, көптеген жас ата-аналар өз балаларын егуге апарудан қорқады, тіпті иммундаудан бас тартып жатады.
Алайда қазіргі уақытта қауіпті аурулардың алдын алудың ең тиімді құралы вакцинация болып табылады. Жалпыға белгілі бір факт: вакцина көмегімен алдын алудың арқасында адамзат шешекті және полиомиелитті жеңді, туберкулезбен және А және В вирустық гепатиттерімен сырқаттанушылық айтарлықтай азайды.
Иммундау көмегімен инфекциялық ауруларды және олардың себебінен болатын өлімді азайту үшін көп жұмыс жасалды.
Өкінішке орай, қол жеткізілген жетістіктердің салдарынан біз инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін ұмыта бастадық. Барлығы жақсы сияқты алдамшы әсер пайда болды.
Қазақстан үшін өз азаматтарының денсаулығы – ең үлкен құндылық. Көптеген ауруларды емдеуге қарағанда олардың алдын алған оңай. Сондықтан елімізде вакцинамен алдын алу жалпыға танымал болып келеді.
Балалар үшін Қазақстан ең бастысы сапасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) кепілдік берген және ұсынып, сертификаттаған, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі ғылыми зерттеулер мен сынақтар арқылы дәлелденген вакциналарды сатып алады.
Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көбінің тиімді емдеу әдістері жоқ және осы инфекциялардың алдын алудың жалғыз құралы вакцинациялау болып табылады.
Құрметті ата-аналар! Балалардың денсаулығын сақтау үшін иммундау қаншалықты маңызды екені түсінікті деп үміттенемін. Балаңыздың денсаулығы өз қолыңызда. Балаңыздың егулерді уақтылы алуына және еліміздің салауатты азаматы болып өсуіне көмектесіңіздер!
Н.РАБАТ, Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы