Ет және ет өнімдерінің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі
Қазіргі заманғы нарық көптеген ет өнімдерін өндірушілермен қаныққан. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын параметр оның сапасы, қауіпсіздігі, органолептикалық көрсеткіштері және қол жетімді бағасы болып табылады.
Ет және ет өнiмдерi дүкен сөрелерінен сатып алмас бұрын, сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өткендігіне көз жеткізіңіз.
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен реттеледі. Яғни, сыртқы қаптамада тамақ өнімдерінің атауы, құрамы, таза салмағы, дайындалған күні және буып-түю күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы және орналасқан жері болуы тиіс. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері өнім дайындалған және сәйкестендірілуі мүмкін құжаттармен қамтылуы қажет.
Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар (жүкқұжат, сәйкестік декларациясы, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық куәлік) болуы тиіс.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұрғындардан ет және ет өнімдерін пайдалану кезінде ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрығына сәйкес, төмендегі қағидаларды ұсынады: техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмитін, бүліну, ыдырау, ластану, белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен, таңбалануы жоқ, тасымалдау, сақтау шарттары бұзылған ет өнімдерін пайдалануға жол бермеуге шақырады.
А. Искаков, Түркістан облысы СЭБД басшысының орынбасары