Описторхоз неліктен қауіпті?

Описторхоз – бауырішілік өт жолдарының, өт қабының және ұйқы безінің өзектерінің зақымдалуымен сипатталатын паразиттік ауру. Бұл ауру жалпақ, ланцетті сорғыштар тобына жататын паразиттердің әсерінен пайда болады.          

Screenshot_6.jpg

Бұл гельминт тіршілік ортасын үш рет өзгертеді - моллюскалар, тұщы су балықтары және соңғы иесі - балықтармен қоректенетін жыртқыштар, мысықтар, иттер, адамдар. Олар жұмыртқаны нәжіспен шығарады. Су қоймасына түскенде, моллюскалар жұмыртқаны жұтады және құрттың даму циклі басталады.

Балалар описторхозбен сирек ауырады, ол 15-50 жастағы ерлерде жиі кездеседі. Құрамында ауру дернәсілдері бар тұқы тұқымдасының шикі, аз тұздалған, дұрыс кептірілмеген немесе жеткіліксіз термиялық өңделген өзен балықтарын пайдаланғаннан туындайтын ауру.

Асқазанда және он екі елі ішектің бастапқы бөлігінде циста қабығы еріп, құрамындағы личинка өт қабына, жалпы өт өзегіне және кішірек өзектерге өтеді. Сөйтіп паразит өсіп жетіледі. 

Описторхозды жұқтырған кезде алдымен паразиттік токсиндердің бөліну реакциясы пайда болады, соның салдарынан дене қызуы көтеріліп, де

Неғұрлым ауыр жағдайларда бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, есекжем, теріде папула (қызыл түйіндер) пайда болады, содан кейін әртүрлі мөлшердегі көпіршіктер, жөтел, жүрек айну, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, сарғаю, бауырдың ауырсынуы, жүрек және жүйке жүйесінің бұзылуы қосылады.

Описторхоз инфекциясының алдын алуға емдеу-профилактикалық жұмысты, яғни ауруды анықтау және дегельминтизациялау, су объектілерін адам және жануарлар қалдықтарымен ластанудан қорғау, балықты өңдеу және дайындау технологиясын сақтау іс-шаралары жатады.       

Әсіресе үй жағдайында төмендегі ережелерді сақтау керек:

    - балықты қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сауда орындарынан алу; 

    - балықты бүтіндей емес,  ұсақтап бөліп қайнап тұрған суға 15-20 минут қайнату, ал қуыратын жағдайда да, ұсақтап бөліп майға толығымен батырып қуыру;

    - балық қосылған тәтті нандарды да (пирог) кем дегенде 45-60 минут пісіру;

    - балықты тұздауда шамамен 10 кг балыққа 2 кг мөлшерінде тұз салып, кем дегенде 1 ай мерзімге қалдыру;

    - пайдаланылған кескіш құралды 3-5 минут қайнатып, жуғыш заттарды қолданып жақсылап шайып,  қолды сабынмен, щетка пайдалана отырып,  мұқият жуу қажет.

А. Даулетова,

Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Описторхоз неліктен қауіпті?