Коронавирус инфекциясынан сақтанайық!
Коронавирус инфекциясы (COVID-19) жедел респираторлық вирустық инфекциялар тобына жатады. Инфекцияның қоздырғышы – коронавирустар.
Инфекция көзі – аурудың клиникалық көріністері бар науқастар және аурудың жасырын түрлері мен симптомсыз вирус тасымалдаушылары. Аурудың алғашқы күндері жұғу қауіптілігі өте жоғары.
Коронавирус негізінен ауа-тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде және 2 метрден аз қашықтықта сөйлескенде) және қарым-қатынас арқылы (қол алысу кезінде, бет және заттар) беріледі.
Ауыруға шалдыққан науқастарда жиі кездесетін коронавирустың негізгі клиникалық белгілері жоғары температура (90%), жөтел (80%), ентігу (55%), ұйқышылдық (44%), кеуде қуысының бітелуі (20%), иіс пен дәм сезбеу.
Пациенттердің 80%-да ауру жеңіл түрде жүреді, ең ауыр түрлері егде жастағы науқастарда (60 жас және одан жоғары) дамиды. Ауырған пациенттердің арасында қант диабеті (20%) артериялық гипертензия (15%) және басқа жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастар жиі кездеседі.
Қант диабеті, семіздік, 65 жастан асқан қарттар, АИТВ иммунтапшылығы жағдайының болуы, онкологиялық аурулар, созылмалы жүрек және өкпе аурулары бар адамдар қауіп тобына кіреді. Сонымен қатар, қауіп тобына медицина қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық көлік қызметкерлері, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде жұмыс істейтін адамдар кіреді, көптеген адамдармен тығыз байланыста болуы себебінен оларда коронавирустық инфекцияның ауыр ағымда өту қаупі артады.
Алдын алу іс-шаралары негізінен инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған. Инфекцияны алдын алудың негізгі тиімді шараларының бірі – вакцинациялау.
Вакцинацияны қолданудың негізгі мақсаты аурудың ауыр түрлерінің ықтималдығын азайтуға бағытталған. Адамдар арасында вакцинация жүргізу арқылы індеттің тіркелуі төмендейді.
Жеке гигиена ережелерін сақтау қажет: қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялық заттарды, бір рет қолданылатын майлықтарды қолдану, бөлмелерде үнемі дымқыл тазалау жүргізу. Түшкіріп, жөтелгенде ауыз-мұрынды бет орамалмен немесе қолмен бүркеп, қолды өңдеу керек.
Бір реттік медициналық бетперделерді қолдануды әр 2 сағат сайын және ластанған сайын ауыстыру.
ЖРВИ клиникалық симптомдары пайда болған жағдайда инфекцияның асқынуы мен таралуының алдын алу мақсатында тез арада медициналық көмекті шақырып, тексерілген жөн.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!
Ә.Төлебаев,
Шымкент қаласының СЭБД басшысы