Май өнімдеріне қойылатын талаптар
Қазір уақытта дүкен сөрелелерінде май өнімдерінің үлкен ассортимент бар. Майлар немесе липидтер ағзаның тіршілік қаракетінде маңызды рөл атқарады, олар жасуша мембраналарының негізгі құрылымдық компоненттері болып табылады, энергияның негізге көзі болып табылады, энергетикалық материалдың резервін құрайды және басқа да маңызды функцияларды орындайды. Жануарлардан алынатын майларда қандағы холестеринді жоғарылатуға көмектесетін қаныққан май қышқылдары көп. Полиқанықпаған май қышқылдары кез-келген табиғи өсімдік майының негізі болып табылады. Өсімдік майлары атеросклерозға пайдалы әсер етеді. Өсімдік майларының құрамына көптеген дәрумендер (А,E,D,F) макро-және микроэлементтер кіреді. Күнбағыс, зәйтүн, жүгері, жүзім және басқалары сияқты өсімдік майлары полиқанықпаған май қышқылдарының құрамы мен қатынасында бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан күнделікті диетада әртүрлі өсімдік майлары немесе олардың қоспалары болуы керек. Олар әсіресе термиялық өңдеусіз тұтынылған кезде пайдалы, мысалы, салаттарға қосқан кезде. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын май өнімдеріне қойылатын талаптар КО ТР 024/2011 «Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламентіне» сәйкес белгіленеді. Осы техникалық регламент Кеден одағының комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанындағы №883 шешімімен 2013 жылдың 1 шілдесінде қүшіне енді. Тағамдық май өнімдерінің жарамдылық мерзімі және тағамдық емес май өнімдерін сақтау мерзімі ішінде мақсаты бойынша пайдаланған кезде май өнімдері адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Май –тоңмай өнімінің тұтынушылық орауышын таңбалау түсінікті , жеңіл оқылатын, анық болуға тиіс және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелмеуге тиіс, бұл ретте жазбалар, белгілер, символдар таңбалау орналасқан фоңға қарамақарсы болуға тиіс. Маргариндердің және спредтердің атауларында «май» сөзі олармен түбірлес сөздерге, сондай-ақ құрамында «май» сөзі бар сөз тіркестеріне жол берілмейді.
Май өнімдерін таңбалауда мынадай ақпарат міндетті түрде болуы қажет:
- өнімнің атауы, құрамы, таза салмағы немесе көлемі;
- тағамдық құндылығы, сақтау шарттары;
- дайындалған күні, жарамдылық мерзімі;
- дайындаушының атауы мен орналасқан жері;
- өнім өндірілген құжат туралы мөліметтер, ЕАС белгісі, ГМО болуы туралы мәләметтер .
- тұтынушы қаптамасын ашқаннан кейін сақтау бойынша ұсыныстарға назар аударыңыз.
Г.Тышканбаева,
Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлімі басшысы
Шымкент қаласы