Санитариялық қорғаныш аймағы дегеніміз не?


Санитариялық-қорғау аймағы (СҚА) елді мекендегі арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдарды және басқада өндірістік, коммуналдық және қойма обьектілерін оларға қолайсыз факторлардың әсерін әлсірету мақсатында жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан , тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан бөлетін аумақ.

СҚА өзінің функционалдық мақсаты бойынша обьектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамассыз ететін қорғаныс тосқауылы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен мен денсаулығына әсер ету болып табылатын обьектілердің санитариялық- қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес обьектілердің қауіптілік сыныбына байланысты обьектілердің СҚА ең аз мөлшері көзделген, келесі шектерде:

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көзі болып табылатын обьектілердің айналасында СҚА белгіленеді,оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық,физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы обьектілер үшін гигиеналық нормативтердеш белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. СҚА ең аз өлшемі жүйелі түрде әзірленеді.

Өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!

Г.ШОНЖАНОВА,

Әл-Фараби ауданы СЭББ бас маманы