Санитариялық қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің айналасында санитариялық-қорғау аймағы белгіленеді.

Санитариялық қорғау аймағы (СҚА) елді мекендегі арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдарды және басқада өндірістік, коммуналдық және қойма обьектілерін оларға қолайсыз факторлардың әсерін әлсірету мақсатында жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан бөлетін аумақ. СҚА өзінің функционалдық мақсаты бойынша обьектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамассыз ететін қорғаныс тосқауылы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен мен денсаулығына әсер ету болып табылатын обьектілердің санитариялық- қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес обьектілердің қауіптілік сыныбына байланысты обьектілердің СҚА ең аз мөлшері көзделген, келесі шектерде:

-қауіптіліктің I сынып обьетілері 1000 метрден және одан жоғары;

-қауіптіліктің II сынып обьетілері 500 м-ден 999 м-ге дейін;

-қауіптіліктің III сынып обьетілері 300 м-ден 499 м-ге дейін;

-қауіптіліктің IV сынып обьетілері 100 м-ден 299 м-ге дейін;

-қауіптіліктің V сынып обьетілері 50 м-ден 99 м-ге дейін;

Адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын обьектілерді СҚА тұрғын үй құрылысы аумағынан , ландышафттық-рекреациялық аймақтардан, демалыс алаңдарынан (аймақтарынан), курорттар, санаторийлер аумақтарынан, демалыс үйлерінен ,стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдардың аумақтарынан , бау-бақша серіктестіктері мен коттедждік құрылыс аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бақша учаскелерінен бөледі. СҚА мөлшері ластанудың атмосфералық ауаға (химиялық, биологиялық, физикалық) әсерін гигеналық нормативтермен айқындалатын мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз ететін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тіршілік ету ортасына және адам денсаулығына әсер ету обьектілері болып табылатын обьектілердің айналасында белгіленеді. СҚА атмосфералық ауаның күтілетін ластануын (фондық концентрацияларды ескере отырып) және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін есептей отырып, СҚА жобасымен негізделеді және заттай зерттеулермен өлшемдердің нәтижелерімен расталады.

Г.ШОНЖАНОВА,

Әл-Фараби аудандық СЭББ бас маманы