Ботулизм
Ботулизм – бұл Clostridium botulinum бактериясы бөлетін өте күшті ботулотоксиннің әсерінен пайда болатын ауыр тағамдық улану. Бұл токсин адам ағзасына аз ғана мөлшерде түскеннің өзінде жүйке жүйесін зақымдап, сал болып қалуға немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Себептері
Ботулизм көбіне консервіленген, тұздалған немесе ұзақ сақталған тағамдарды дұрыс дайындамаудан немесе сақтамаудан туындайды. Атап айтқанда:
- Үй жағдайында дайындалған көкөніс немесе ет консервілері,
- Шала тұздалған балық,
- Вакуумда сақталған өнімдер.
Белгілері: Ботулизмнің алғашқы белгілері уланғаннан кейін 6–36 сағат аралығында пайда болады.
- Қос көріну, көздің бұлдырауы,
- Жұтынудың қиындауы,
- Сөйлеудің бұзылуы (дауыстың қарлығуы),
- Бұлшықеттердің әлсіреуі,
- Құрғақ ауыз,
- Кейінірек – тыныс алудың тоқтауы мүмкін.
Диагностикасы мен емдеу
Ботулизм – жедел медициналық көмекті қажет ететін жағдай. Диагноз клиникалық белгілерге және науқастың тағам тарихына қарай қойылады.
Емі:
- Ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізу,
- Асқазанды шаю, уды шығару,
- Жасанды тыныс алдыру (ауыр жағдайларда).
Алдын алу жолдары:
- Үй жағдайында консервілеу кезінде стерильдік ережелерін сақтау,
- Тағамдарды дұрыс сақтау және жылумен өңдеу,
- Шіріген немесе күмән тудыратын консервілерді қолданбау,
- Балықты, етті толық тұздап, пісіру.
Ботулизм – өте қауіпті, бірақ алдын алуға болатын ауру. Гигиена және тағам дайындаудағы сақтық – басты қорғаныс. Тағамнан улану белгілері байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
М.Б.Асқарова
Тұран ауданының СЭББ бас маманы
