Жедел ішек жұқпалары
Жедел ішек жұқпалары (ЖІЖ) - әр түрлі микроорганизмдер(бактериялар,
вирустар) шақырған, қарын-ішек жолдары
(ҚІЖ) дисфункциялары мен ішектен тыс бұзылыс симптомдары түрінде
клиникалық біліністерінің ұқсас
сипатымен біріктірілген инфекциялық кеселдер тобы. Қоздырғыштары –
бактериялар (энтеробактерия тұқымдасы)
мен вирустар.
Жұқпа көзі – сырқат адамдар, қоздырғыш тасымалдаушылар мен жануарлар.
Берілу механизмі – ауыздық-нәжістік (фекалдық-оралдық).
Берілу жолдары:
- Алиментарлық берілу жолы гастроэнтерит симптомдық кешенін
(тағамдық токсикоинфекцияны) қалыптастырады.
Ұқсас клиникалық картинасы бар ұзақ емес және бір сәттік өршу,
стационарға науқастардың көптеп түсуі,
пациенттердің жоғары емес жұқпалылығы тән.
- Таралудың контакттық түрінде (ауруханаішілік инфекция, жабық бала
ұжымдарында өршу) клиникалық-эпидемиология
- лық жағдай алиментарлық нұсқаға қарама-қарсы.
Анамнезде: тағамға зарарланған азық-түліктерді пайдалану, ЖІЖ науқастармен,
бактерия тасымалдаушылармен немесе
ішек дисфункциясынан жапа шегетіндермен контакт.
Клиникалық суреті:
- ҚІЖ зақымдануы;
- гастрит (эпигастралдық аумақтағы ауырулар мен жайсыздық сезімі, жүрек айну,
құсу, кекіру, қыжыл);
- энтерит (іштегі жайылып ауыру, ішектің кебуі мен шұрылдауы, кілегей мен
қанның елеусіз қоспасымен бірге мол
сулы стул);
- колит (іштің түйілу түрінде ауыруы, тенезмдер, дефекацияға жалған
шақырыс, пальпациядағы түйілген ауырсынулы
ішек, кілегей мен қан араласқан жиі стул);
- ЖІЖ-ның клиникалық манифесттік түрінде гастриттің, энтериттің, колиттің
бірлесіп келуі жиі тіркеледі;
- ішектен тыс синдромдар тобы;
- уыттану (интоксикация):барлық ЖІЖ-на міндетті, дене
температурасының жоғарылауымен, бас аурумен,
құсумен (гастритпен байланысты болуы міндетті емес) өтеді. Ауыр
жағдайдағы уыттанудың шектен шыққан
білінісі – нейротоксикоз;
- сусыздану: организм тіндеріндегі ангидремикалық талуға дейінгі сұйық
тапшылығы (тері мен шырышты
қабықтың құрғақтығы, шөлдеу, гемодинамикалық бұзылыстар және с.с.);
- гепатолиеналдық синдром: бауыр мен талақтың ұлғаюы;
- бөртпелер: көпіршікті бөртпе – стафиллокктық жұқпаларда; скарлатина
тәрізді – иерсиниозда; теңбіл-
папулездік – энтеровирустық инфекцияларда және с.с.;
- метаболикалық ауытқулар: гипотрофия, қаназдық, гиповитаминоз және с.с.
- бактериемиямен және эндотоксемиямен (сальмонеллездер, эшерихиоздар) бірге өтетін жұқпалық уыттану.
Д.Сахова
Еңбекші ауданы СЭББ бас маманы
