Тұрғындармен Президент Жолдауы талқыланды

Screenshot_7.jpg

Түлкібас ауданында “Ауыл” партиясының аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Көлбаев Оспан Оңалбекұлы ұжымдастарымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. 

Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар айқын айтылды. 

Осындай нақты қадамдар әрбір қазақстандықтың жарқын болашағына деген сенімін нығайта түседі.