Сұлулық салондарына қойылатын талаптар
Адамдар емдеу-косметологиялық нысандары, сұлулық салондары және шаштараз туралы нені білу кажет?
✅ *Емдеу-косметологиялық нысандар, сұлулық салондары, тері және шырышты қабаттарының бұзылуымен қызмет көрсететін косметологиялық орталықтар, соның ішінде татуаж және татуировка қызметтері - ерекше тәртіп бойынша тексеруге жататын эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады. Бұл объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы НҚА-ның және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдалануға тыйым салынады.
✅ *Тері және шырышты қабаттарын бұзбай косметикалық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар, соның ішінде маникюр және педикюр бойынша қызметтер эпидемиялық маңызы елеусіз объектілерге жатады . Олардың қызметі объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмай жүзеге асырылады, ал «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама сипатында болады. Бұл ретте пайдалану басталғанға дейін объектіні талаптарға сәйкес келтіру қажет.
✅ *Бүгінгі күні косметологиялық орталықтар мен сұлулық салондары жаңа технологияларды пайдалана отырып қызметтердің кең спектрін ұсынады.
✅ *Сұлулық салондарына және косметологиялық орталықтарға бару тұтынушы үшін жағымды, пайдалы және қауіпсіз болуы тиіс, дәл осыны ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге санитарлық - эпидемиологиялық талаптар» міндеттейді.
✅ *Сұлулық салондарында және косметологиялық орталықтарда жиі кездесетін бұзушылықтар - көрсетілетін қызметтерді келушілердің денсаулығына зиян келтірумен теріс әсер ететін сапасыз көрсету, дезинфекциялық-стерилдеу режимін сақтамау, медициналық тексеру В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне тексерусіз жүзеге асырылады. Ірі косметология орталықтарында медициналық қызметке лицензиясы бар, ал косметологиялық қызмет көрсету үшін сұлулық салондарында кабинеттерді жалға алатын косметолог дәрігерлер көп жағдайда кызмет түріне лицензиясыз жұмыс істейді.
✅ *Сұлулық салоны мен косметологиялық орталықтарға баратындар үшін кеңестер:
- сұлулық салондарына және косметологиялық орталықтарға барған кезде, Сіз салондағы лицензияның бар-жоғын, пайдаланылатын парфюмерлік-косметикалық құралдарға сертификаттардың бар-жоғын тексеріңіз.;
- жұмыс кұралдары калай залалсыздандырылатынын біл, салонда стерильдеуге арналған аппарат бар ма, және оны әрбір келесі клиент алдында құрал-саймандарды өңдеу үшін пайдаланыла ма;
- салонның санитарлық жағдайын, оның қызметкерлерінің сыртқы түрін бағалаңыз. Егер бұл сәттер Сізге күмән тудырса-барудан бас тарту және басқа орынды таңдау керек;
- мүмкін болатын тәуекелдер жазылған келісім жасауды талап етіңіз. Сенің денсаулығың өз қолыңда!
Н.Сурашова,
Әл-Фараби ауданы СЭББ маманы
