СҚА өнеркәсіп обьектілерінде не үшін қажет?


Санитариялық қорғаныш аймағы (СҚА) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.

Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің СҚА қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:

1) СҚА және санитариялық ажырауларды белгілеуге қойылатын талаптар;

2) СҚА және санитариялық ажырауларды жобалауға қойылатын талаптар;

3) СҚА және санитариялық ажырауларды көгалдандыруға және аумақтың режиміне қойылатын талаптар.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің (көздердің) айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. СҚА-ның өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.

Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты осы Санитариялық қағидаларға сәйкес СҚА-ның мынадай өлшемдері көзделген:

1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;

2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;

3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;

4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;

5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.

Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс алаңы (аймақтары), курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА бөлінеді.

Автомобиль магистральдар, темір жол көлігі желілері, метрополитеннің жерүсті учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне СҚА режимі бар және химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерден гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін, объектіден қашықтық белгіленеді.

Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді.

Н.Д.Ешенқұл,

Абай ауданының СЭББ бас маманы