Сыйлықтарды таңдауда білу міндетті талаптар


Жаңа жыл секілді отбасылық мерекелерде сыйлықтар тарту ету көңіл-күйді көтеріп, қуаныш сыйлайды. Ең  сыйлықтың маңыздысы және сыйлықтың иегері кішкене отбасы мүшелері, әрине  ол- кішкене балалар. Жаңа жылдың атрибуты ретінде от-шашу, яғни пиротехникалық заттарды  қолданып, мерекені жандандыру әдетке айналған.

Мереке қарсаңында  дүкен және сауда орталықтарының сөрелері сан түрлі пиротехникалық   өнімдермен көздің жауын алады. Негізінен  пиротехника – бұл маусымдық тауар. Дегенмен, кәдімгі дүкен немесе базар сөрелерінен   пиротехникалық  өнімдерді сатып алуда абай болған жөн. Баса  назарды өнім қаптамасына  аударған  жөн. Ол зақымданбаған болуы  қажет.

Сонымен қатар, өнімде  мемлекеттік  не болмаса  орыс тілінде жазылған қолдану нұсқаулығы  болуы шарт.Қаптамада міндетті түрде  от шашу саны,көлемі,және әсері туралы мағлумат көрсетілуі қажет.Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр не қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы (аяқ асты жанып кетуі) мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қаптамасыз сақтауға  және қалтада сақтауға болмайды. Пиротехникалық өнімдерді қатты жел кезінде ғимараттар мен үйден 30м. қашықтықта қолдану керек. Қолдану тек нұсқаулыққа сай және үлкендердің қатысуымен қолдану қажет. Үй  жағдайында   тек хлопушка мен  бенгаль отын қолдануға  рұқсат етіледі. Қалған пиротехникалық өнімдерді  сақтық шараларын сақтай отырып, үлкендердің қатысуымен  ғимараттан  тыс   ашық жерде  қолдануға болады. Балалардың өз  бетінше үлкендердің назарынан тыс қалған кезде қолдану көптеген  бүлдіршіндердің  зақым  алуына, әсіресе көз  жанарының зардабына әкеп соқтырады.  

Ойыншық таңдауда не білген жөн.!!! 

Ойыншықтың құрамындағы  канцерогендер, формальдегид, фенол,метанол, сынап, қорғасын сияқты шикізатты балаларға арналған ойыншықтар өндірісі кезінде жауапсыз өндірушілер пайдаланады. Бірақ,біз ойланбастан ойыншық сатып ала отырып, балаларымызға  өзіміз қауіп төндіреді екенбіз.

Жоғарыда атап өткен заттардың бала өміріне айтарлықтай қаупі бар. Сол себепті   өзіміздіде, балаларымызды да қорғау үшін ойыншықты сатып алғанда қандай материалдан жасалғанын, жабынын және бояуын қарап, заттаңбада  таңбалаудың болуына назар аударып, иістің болуын және ойыншықтың  боялған бетінің беріктігін тексеру керек

Мынаны есте сақтау керек: балалар кішкентай болғандықтан  және өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап бере алмайтындықтан, олардың қалаған заттың (ойыншық) бәрін бірдей сатып алуға болмайды. Балалар  денсаулығы мен  қауіпсіздігі үшін ата-ана жауапты екенін естен шығармауымыз керек.

Сондай-ақ ойыншықты сатып аларда қаптамасына назар аударыңыз. Қорабында көрсетілуі керек: тауардың атауы, өндіруші  атауы мен оның мекен-жайы, техникалық регламентке  сәйкестігі, тұтыну қасиеттері туралы ақпарат,өндірілген күні,сақтау мерзімі мен қолдану шарттары.

Есіңізде болсын, тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік сертификатын) сатушыдан талап етуге құқылы.   

Сіз сатып алу және таңдау кезінде мынадай ережелерді ұстануға шақырамыз:

1.Үй жағдайында дайындалған  кремді кондитерлік өнімдерді мүмкіндігінше сатып алмаңыз.

2.Кондитерлік өнімдерді  сатып алу кезінде  құрамын,  жарамдылық мерзімін, өндірілген жерін, сақтау әдістерін мұқият қараңыз.

3.Тағы бір назар аударатын жағдай,ол  кондитерлік  өнімдердің құрамында  ұзақ сақтауды қамтамасыз ететін консерванттардың  көп мөлшерде болуы  тек улану жағдайына емес, аллергиялық реакциялар тудыруы да ықтимал. Барлығымызға белгілі кондитерлік өнімдер  үлкенннің де кішінің де,әсіресе  балалардың сүйікті тағамы.  Сондықтан кондитерлік өнімдерді таңдауда мұқият болыңыздар!!!

Б.Карибаева,

Абай ауданы СЭББ бөлімі басшысы