Балалар ойыншықтарына қойылатын талаптар
Бала дүниеге келгеннен бастап 12 жасқа дейін, кейде одан да жоғары жасқа дейін ойыншықпен ойнайды. Ал кейбіреулері тіпті есейген шақтада ойыншықтар алып, өздерін қуантып жатады. Бірақ, біз ойланбастан ойыншық сатып ала отырып,балаларымызға өзіміз қауіп төндіреді екенбіз.
Ойыншықтың құрамындағы канцерогендер, формальдегид, фенол,метанол, сынап, қорғасын сияқты шикізатты балаларға арналған ойыншықтар өндірісі кезінде жауапсыз өндірушілер пайдаланады. Жоғарыда атап өткен заттардың бала өміріне айтарлықтай қаупі бар. Сол себепті өзіміздіде, балаларымызды да қорғау үшін ойыншықты сатып алғанда қандай материалдан жасалғанын,жабынын және бояуын қарап, заттаңбада таңбалаудың болуына назар аударып,иістің болуын және ойыншықтың боялған бетінің беріктігін тексеру керек. Мынаны есте сақтау керек: балалар кішкентай болғандықтан және өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап бере алмайтындықтан,олардың қалаған заттың ( ойыншық) бәрін бірдей сатып алуға болмайды. Балалар денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-ана жауапты екенін естен шығармауымыз керек.
Сондай-ақ ойыншықты сатып аларда қаптамасына назар аударыңыз.Қорабында көрсетілуі керек: тауардың атауы, өндіруші атауы мен оның мекен-жайы, техникалық регламентке сәйкестігі,тұтыну қасиеттері туралы ақпарат,өндірілген күні, сақтау мерзімі мен қолдану шарттары.
Есіңізде болсын,тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік сертификатын)сатушыдан талап етуге құқылы.
Б.Карибаева,
Абай ауданың СЭББ бөлімі басшысы
