Демалыс орындары көбеюде

image.png

Сала мамандарының мәліметі бойынша Түркістан облысында қазіргі қонақ үйлердің саны 245-ке, демалыс орындарының саны 298-ге және емдік-сауықтыру кешендерінің саны 117-ге жеткен. 2025 жылдың I тоқсаны бойынша қонақ үйлерге жайғасқан туристер саны 61,3 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,5%-ға өскен. Облыстағы демалыс аймақтарының басым бөлігі таулы аудан Төлебиде орналасқан. Ауданда жыл сайын заманауи демалыс кешендерінің қатары артып келеді. Соның бірі -   Қасқасу ауыл округінде құны 200 миллион теңгені құрайтын «Кіші Европа» демалыс аймағы.  Қонақтарға есігін айқара ашқанына 2 жылдай уақыт болған кешенде демалуышылар үшін барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған. Сондай-ақ Ақмешіт шатқалында ашылған К. Ысқақовтың демалыс аймағының  құны 352 миллион теңгені құрайды. Табиғат құшағындағы демалыс орны заманауи қонақ үйлерден, жазғы тапшан мен бассейн, спорт алаңдарымен қамтамасыз етілген. 

Сонымен қатар  «ALMA-TAU» демалыс орнындағы спорттық сауықтыру кешенінде қонақ үй мен спорт кешені құрылысы жүргізілді. Құны 2 млрд 539 млн. теңге, 30 жұмыспен қамтылды.  

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Демалыс орындары көбеюде