Балалар ауруханасы жаңарады
Түркістан қаласында еуропалық үлгідегі аурухана салынады. Бұл туралы Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев «Дені сау ұрпақ – Мәңгілік елдің кепілі» атты алғаш рет дәрігерлер арасында өткен облыстық ауқымды шара барысында баяндады. "Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының қолдауымен еуропалық үлгідегі үлкен аурухана салынады. Қазір сол жобаны Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкімет мүшелері бірлесіп талқылауда. Аурухана құрылысы екі жыл көлемінде бітеді. Қосымша балалар ауруханасына ғимарат салынады. Сонымен қатар, Түркістандағы №3 облыстық перинаталды орталыққа қосымша салынған, 150 төсек орынды жаңа ғимаратта биыл пайдалануға беріледі. Ана мен бала денсаулығына аса мән беріліп жатқан тұста ұйымдастырылған бұл іс-шара ауруханаға түсетін адам аз болып, дені сау ұрпақ көп болсын деген оймен өткізілуде", – деді Мұқан Кеңесбекұлы.
Айта кетейік, ауданаралық сайысқа облыс төңірегіндегі шағын қалалардағы қалалық аурухана, емхана, аудандық аурухана мамандарынан құралған 15 команда қатысқан болатын