Психикалық денсаулық орталығы бой көтермек

Screenshot_8.jpg

Түркістан қаласының облыс орталығы статусын иемденуі көптеген мүмкіндіктерге жол ашуда. Соның ішінде медицина саласы айтарлықтай дамып келеді. Қазіргі таңда Түркістан облысында көптеген медициналық мекемелер ашылуда.  Атап айтар болсақ, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы құрылды. Оның аудан-қалалардағы филиалдары іске қосылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Түркістан қаласында облыстық СПИД орталығы ашылып, жұмысын бастап кетті. Бұрынғы облыстық онкологиялық диспансер Шымкент қалалық мекемесіне айналған соң облыстық клиникалық ауруханасы базасында онкологиялық емханамен бірге науқастардың жатып ем қабылдауына ыңғайлы болуы үшін арнайы бөлім ашылғанын да айта кеткен жөн. Мамандардың айтуыша одан бөлек аудандық ауруханалар базаларында инфекциялық бөлімшелер құрылуда. Оларды ағымдағы жөндеуден өткізіп, деңгейін көтеру қолға алынуда. 

    Түркістан облыс орталығы болған соң заман талабына сай емдеу мекемелерінің ғимараттары осында бой көтеретіні сөзсіз. Осы мақсатта өңірде психикалық денсаулық орталығының ғимараты бой көтермек.  Ал, Ордабасы ауданында облыстық туберкулезге қарсы диспансері салынады дейді салаға жауаптылар.