Облыста ірі емханалар бой көтереді

Screenshot_9.jpg

Соңғы 7-8 жылдың көлемінде Түркістан облысында ірі емханалар салынбаған-тұғын. Алла бұйыртса, биыл Жетісай, Сайрам аудандары мен Кентау қаласында 500 пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы 3 емхана, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент пен осы ауданға қарасты Атакентте тәулігіне 250 келушіге дәрігерлік көмек көрсете алатын 2 емхана ғимараттары биыл  пайдалануға берілмек. Бұл туралы Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.  Басқарма басшысының айтуынша бұдан бөлек Сарыағаш ауданының Қызылжар ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория мен Қаратөбе ауылында ауылдық емханасы салынуда. Келесі жылы Шардара қаласында жедел жәрдем көрсету станциясы мен аудандық емханасына қосымша ауысымына 150 келушіге арналған ғимараттың құрылысы аяқталады дейді өңірдің бас дәрігері. 

Сондай-ақ Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталды орталығына жапсарлас салынып жатқан 150 төсек орынға арналған ғимарат құрылысы биыл аяқталып пайдалануға беріледі екен. Сонымен қатар қазіргі таңда Түркістанда қалалық балалар ауруханасының 190 кереуеттік емдеу корпусын салу жұмыстары жүріп жатыр.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Облыста ірі емханалар бой көтереді