Медицина ауыл тұрғындарына да қолжетімді бола түсті

Screenshot_10.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында тұрғындар көңіл күйінің маңызды компоненттерінің бірі – медициналық қызмет сапасы екенін нақты атап өткен болатын. Сондықтан ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырып еді. Бұл бағытта Түркістан облысында модульдік медициналық пункттер құрастыру қолға алынуда. Мәселен  2017-2018 жылдары облыста  62 ММП (модульдік медициналық пункттер) орнатылған. Тарқатып айтсақ, Бәйдібек ауданында – 6, Шардара ауданында – 13, Сарыағаш ауданында – 4, Сайрам ауданында – 3, Төлеби ауданында – 7, Отырар ауданында – 4, Созақ ауданында – 4, Мақтарал ауданында – 2, Жетісай ауданында – 3, Түлкібас ауданында – 3, Ордабасы ауданында – 8, Қазығұрт ауданында – 5. Құрылысы не бәрі екі айда аяқталып пайдалануға берілетін медициналық тіректер қаржыны да көп талап етпейді. Сала мамандары биыл да құрастырылмалы 19 медпункт саламыз деп отыр. Олар Бәйдібекте – 6, Арыста – 9, Жетісайда – 2, Отырарда – 1, Қазығұртта – 1. Биыл модульдік медициналық тіректің конструкцияларын сатып алуға облыстық бюджеттен 570 миллион теңге қаржы бөлініпті. Бұдан басқа, Келес, Қазығұрт аудандық ауруханаларының емханаларына да тұрғындардың көбеюіне байланысты қосымша ғимараттар салуды қолға алынбақ.