Түркістанда бұрын-соңды болмаған аппарат сатып алынды
Адам өмірі және денсаулығы - қоғамның басты байлығы. Осмыны ескерген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы медицина саласына айтарлықтай көңіл бөлуде. Мәселен биыл денсаулық сақтау саласына 1 миллиард теңге бөлген. Облыстың бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың мәліметінше аталған қаржыға медицина мекемелеріне 500 тоңазытқыш алдыртып, аудан-қалаларды, жалпы өңірді толық қамтитын боламыз дейді. Сондай-ақ соңғы үш-төрт жылда аудан орталықтарында істемей тұрған жеделсатыларды (лифт) қайта іске қосу жоспарланыпты. Әзірге 12 ауданға лифт алыпты. Жыл соңына дейін бәрі жаңаланбақ. Медицина мамандары науқастарды бұдан былай екінші-үшінші, жоғарғы қабаттарға көтеріп тасымайтын болады. Бұдан бөлек, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына, аудандық ауруханаларға, барлығын қосқанда 46 жедел жәрдем көлігін алынатын болады. Бұған мәслихатта қаржы қаралып, сатып алу процесі жүріп жатыр дейді М.Егізбаев.
Мамандардың мәліметінше биыл медициналық құрал-жабдықтарға 5 миллиардтан астам теңге бөлінген. Оған Түркістан қалалық орталық ауруханасына компьютерлі томограф сатып алыныпты. Таяуда облыс басшысының қатысумен аталған емдеу мекемесінде инсульт орталығы іске қосылады деп жоспарлануда. Облыс орталығында бұрын мұндай медициналық аппарат болмаған. Сосын дәл осындай томограф Шардара аудандық орталық ауруханасында да орнатылып, ел игілігіне берілетін болады. Ол жерде де инсульт орталығы жұмысын бастайды. Қазір облыста 8 ауданда компьютерлі томограф бар, инсульт орталықтары тұрғындарға қызмет көрсетуде. Мұның бәрі соңғы екі-үш жылда атқарылған шаруалар, пациенттерге жасалған жағдайлар.