Нәресте өлімі 11,6 пайызға азайды

Screenshot_12.jpg

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» жалпы халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі яғни халық санының өсуі медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныстың көлемі одан әрі артады деген еді. Осыған орай Түркістан облысында  медицина саласын цифрландыру жұмыстары сәтті жүргізілуде.

Цифрландыру бағытында өңірдегі барлық емханалар мен ауруханаларда ақпараттандыру жүйесі 100 пайыз енгізілген. Қазір қағаз айналым жүйесі жоқ. Дәрігердің қабылдауына жазылуынан бастап, дәрі-дәрмекке дейін барлығы электронды әдіспен жүзеге асуда. Облыс тұрғындарының бәрінің электронды денсаулық паспорттары жасақталған. Бұл ақпараттық жүйе дәргерлердің ғана емес, пациенттердің де әрі-бері сабылуын біршама азайтты.  Ең бастысы, бұл – уақытты тиімді пайдаланудың ұтымды жолы. Сондықтан оның әлі де берері мол. 

Ақпараттандыру жүйесінің артықшылықтары аудандық ауруханаларда ситуациялық орталықтар ашуда да пайдаланылуда. Әрбір ситуациялық орталық сол аудандағы тұрғындардың жағдайларын біліп отыруы үшін керек. Кім қандай аурумен ауырады? Қашан келіп қаралуы керек? Қашан скринингтік тексеруден өткізу қажет? деген сияқты сұрақтардың жауаптарының бәрі осы ситуациялық орталықтарда жинақталады.

Облыстағы емдеу мекемелерінде жасалған жағдайлардың және ауру түрлерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ана өлімінің көрсеткіші 2019 жылдың 4 айында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,1 пайызға төмендеген. Нәресте өлімі 11,6 пайызға, туберкулезден болатын өлім-жітім 20 пайызға, қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітім 18,3 пайызға азайған. Бұл жетістіктерге облыстың денсаулық сақтау саласында елге дәрігерлік көмек көрсетіп жүрген 22 мыңнан астам медицина маманының қосқан үлесі үлкен екенін айта кеткен жөн.  


 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Нәресте өлімі 11,6 пайызға азайды