Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы не білесіз?

Screenshot_13.jpg

Түркістан қаласында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Түркістан қалалық орталық емxанасының дәрігерлері және облыстық Спид орталығының мамандарымен бірлесе «Біз денсаулықты таңдаймыз!/Наш выбор – здоровье!/Health is our choice!» ұранымен «Mega City» ойын-сауда орталығында  мәдени-сауықтыру акциясы өткізді.

Акция барысында эндокринолог, терапевт, педиатр дәрігерлері қала тұрғындарына медициналық кеңестерін беріп, бой, салмақ, артериалық қан қысымын өлшеп, экспресс-тест анализ алынып, қандағы қант, xолестерин мөлшерін анықтап, халықпен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізді. Қала тұрғындары да бұл күні мамандарға мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды.

Игі шарада концерттік бағдарлама көрсетіліп, физикалық жаттығу жасалды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы не білесіз?» тақырыбында викториналық ойын ойнатылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша халықтың  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы сауаттылығы біршама артқан.