Отырарда биыл 3 фельдшерлік акушерлік бекет салынады

Screenshot_14.jpg

Елімізде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. Аталған бағдарламаға сай Түркістан облысының Отырар ауданында атқарылып жатқан жемісті жұмыс жетерлік. 

Отырар аудандық орталық ауруханасы 47 жарым мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Аталған мекемеге қарасты 13 дәрігерлік емхана, 7 фельдшерлік акушерлік бекет және 14 медициналық бекет бар. Ауруханаға соңғы заманауи лапороскопиялық құрылғы алынған. Ол өз кезегінде осында жасалынатын операциялардың ауқымын кеңейтуге, операциядан кейінгі болатын асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жедел жағдайларыда көрсетілетін көмек сапасын арттыруға қосымша 2 ересектер және 2 балалар өкпе-жүрек жасанды аппараты алынған. 

Бас дәрігер Райымбек Тасырбаевтың айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының тікелей бастамасымен соңғы екі жыл көлемінде шалғай елді мекендердегі медициналық ғимараттарды типтік формада салу және жөндеу қолға алынған. Отырар ауданында 2017 жылы 1 дәрігерлік емхана, 2 медициналық бекет, 2 фельдшерлік акушерлік бекет салынса, 2018 жылы 4 модульды медициналық бекет пайдалануға берілген. Ал биыл 1 модульды медициналық бекет, 3 фельдшерлік акушерлік бекет және 1 дәрігерлік емхана құрылысын салу арқылы ауданда медициналық ғимаратқа деген қажеттілікті толық жабу жоспарланған. Яғни, аудан тұрғындары заманауи талаппен салынған медициналық ғимараттарда сапалы дәрігерлік көмек алады.