Электронды жүйеге көшкен

Screenshot_15.jpg

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгеннен бері медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды. Атап айтқанда, емдеу мекемелеріндегі барлық көмектер және қызметтер пациенттердің көз алдында электронды түрде ашық жүргізіледі. Бүгінде барлық емдеу мекемелерінде емдеуге жатқызу бюросы құрылған. Жатып емделу күні электронды тәсілмен автоматты түрде белгіленеді. Дегенмен, «стационарды еркін таңдау» принципі бойынша емдеуге жатқызу бюросы қызметкерлері бар болса бос орындарды ұсынады. Соған сәйкес жатар күнді және емделетін мекемені таңдауға болады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары басқа аймақтарға емделуге, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарға баруға, жоғары мамандандырылған көмек алуға, оның ішінде мамандандырылған медициналық көмек алуға құқылы.

Ордабасы ауданында халықтың аудан көлемінде медициналық көмекке жүгіну барысын оңтайластыру мақсатында өңірдегі емхана электронды құжат айналымға ауыстырылған. Бұл өз кезегінде пациенттердің үйден шықпай дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру секілді қызметтерді алуына мүмкіндік берді.  Ауданда тұрғындарының 100% электронды денсаулық паспорты жасақталған. Яғни, пациентке бұрынғыдай медициналық құжаттамалар алып жүру қажеттілілігі жоқ, тек жеке басын куаландыратын құжаты болса жеткілікті.

«Аудандық ауруханада пилоттық режимде медициналық құралдар электронды жүйеге қосылған. Бұл флюрография, УДЗ тексерулердің қорытындыларын шығармай-ақ электронды сақтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде аурухананың қаржылық жағдайына да оң ықпалын тигізеді. Яғни рентген түсірілімдерін шығаруға артық шығынданудың қажеті жоқ. Осы цифрландыру саласын одан ары жетілдіру, жұмыс жасауға оңтайландыру мақсатында былтыр 190 моноблок сатып алынып, барлық ауылды жерлердегі медициналық қызметкерлерге пайдалануға берілды. Нәтижесінде 100 пайыз аудандық денсаулық сақтау саласы компьютермен жабдықталды, – дейді Отырар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев.


 


 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Электронды жүйеге көшкен